Жаңа жылдық дәстүрлі мерекелік іс-шараға аудандар мен Тараз қаласынан, арнайы мектеп интернаттардан, өмірлік қиын жағдайдағы балаларды қолдау орталығынан, жетім және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған, көпбалалы және аз қамтылған отбасыларынан шыққан 100 балдырған қатысты.
Балаларға мерекелік көңіл-күй сыйлаған іс-шарада балдырғандар ертегі кейіпкерлерінің ерекше қойылымын тамашалады. Аяз Ата ортаға шығып, сиқырлы таяғымен алуан түрлі ойыншықтарға көміліп тұрған жасыл шыршаның шамдарын жаққанда үлкен залдағы балалардың қуанышты жүздері кеш ажарын аша түсті. Балалар ертегі кейіпкерлерімен ойынға қосылып, би билеп, думанды сәтте көңілдері ерекше қуанышқа бөленіп, еңселері көтеріліп қалды. Балалармен бірге ортаға аймақ басшысы Ербол Шырақпайұлы мен қала әкімі Бақытжан Әмірбекұлы да шығып, мерекелік көңіл-күйді балғындармен бірге бөлісті.
Шырша мерекесінде жүздері бал-бұл жанған балаларға тәтті сыйлықтар мен 80 мың теңгенің сертификаттары табысталды.
Марат ҚҰЛИБАЕВ
Ұқсас жаңалықтар
Дәріханалардағы дәрі бағасы бір түнде өскені ме?
- 4 желтоқсан, 2025
ЖИ-ді іске асыруда жастардың рөлі ерекше
- 4 желтоқсан, 2025
Ақпарат
Шаруалардың маңдай тері ақталатын күн жақын
- 25 қыркүйек, 2025
Әлемде транзит үшін бәсеке күшейіп бара жатыр – Тоқаев
- 8 қыркүйек, 2025
Цифрландыру пойыздың кешікпеуіне көмектесе ме?
- 21 тамыз, 2025
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




