– Дәстүр бойынша Жаңа жыл қарсаңында өздеріңізбен кездескеніме қуаныштымын. Мемлекеттік басқару жүйесінде қызмет етіп, облыстың әлеуметтік-экономикалық дамуына өз үлестеріңізді қосып, бүгінде бейнеттің зейнетін көріп отырған сіздерге қызмет көрсету – біздің парызымыз деп білемін. Өтіп бара жатқан жыл облыс үшін нәтижелі болды. Тұрғындардың өмір сүру сапасын және әл-ауқатын арттыру бағытындағы жұмыстарымыз жалғасын тауып келеді. Мемлекет басшысының Қазақстан халқына Жолдауында белгіленген ауқымды реформаларды іске асыру бойынша жүйелі жұмыс жүргізіліп жатыр. Ардагерлеріміз облыстағы қоғамдық жұмыстарға, әсіресе, қазіргі буын – жастарға қашанда жол көрсетіп, ұлттық болмыс пен құндылықты бойына сіңіре отырып, ақсақалдарымыз бен ақ жаулықты аналарымыздың өмірлік тәжірибесімен бөлісіп, үнемі ақыл-кеңе с беруден жалыққан еме с. Мемлекет басшысының тапсырмаларынан туындайтын міндеттерді орындау кезінде сіздердің кеңестеріңіз бен ұсыныстарыңыз біз үшін өте құнды, – деген облыс әкімі қай кезеңде де ардагерлердің ақыл-кеңестерін тыңдауға әзір екенін жеткізіп, пікір алмасты.
Мұнан соң, бірқатар ардагерлер түрлі мәселелер бойынша ой бөлісіп, ұсыныс- пікірлерін айтты. Атап айтқанда, бұл күні бастауыш ардагерлер ұйымының төрағасы Рахматілда Рахманбердиев, бастауыш ардагерлер ұйымының мүшелері Лидия Ахметова, Сланбек Алдабергенов және Нұрмахан Шаукаров сөз сөйлеп, көкейлеріндегі түйткілді мәселелерді жеткізді. Өз сөзінде аймақ басшысы әрбір ұсыныс назарға алынып, олар бойынша белгілі бір шешімге келетінін атап өтті. Жиын соңында өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуына қосқан үлесі және қоғамдық өміріне белсенді атсалысқаны үшін бастауыш ардагерлер ұйымының кеңес мүшелері Опабек До саев, Полина Ким, Жексен Арынов пен Күләш Назарбековаға облыс әкімінің Құрмет грамотасы табыс етілді.
Есен ӨТЕУЛІ
Ұқсас жаңалықтар
Екпені тейлериоз ауруы тіркелмей егу керек
- 4 желтоқсан, 2025
Мүгедектердің құқықтарын қамтамасызетудің жайы қалай?
- 4 желтоқсан, 2025
Ақпарат
Шаруалардың маңдай тері ақталатын күн жақын
- 25 қыркүйек, 2025
Әлемде транзит үшін бәсеке күшейіп бара жатыр – Тоқаев
- 8 қыркүйек, 2025
Цифрландыру пойыздың кешікпеуіне көмектесе ме?
- 21 тамыз, 2025
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




