Халқымызда «Қуанса, бала қуансын» деген қанатты сөздің төркіні бала жүргеніне жол табуда жатыр. Осы бір үрдістен жаңылмай келе жатқан айтулы мерекелік іс-шараға облыс әкімі Ербол Қарашөкеев қатысты.
Мерекелік кеш балалардың есінде ұзақ сақталатыны анық. Яғни, тамаша әсерге бөлеген кеш олардың қиялын шарықтатып, жарқын болашаққа деген үміттерін нығайтты. Әр бүлдіршіннің жүзіндегі қуаныш пен бал-бұл жанған жанары іс-шараның қаншалықты маңызды болғанын дәлелдей түскендей. Бұл тек көңіл көтеру емес, балаларға деген махаббат пен жауапкершілікті сезіндірудің бірден-бір көрінісі десек те болады.
Мерекелік кеш барысында балалар ән шырқап, би билеп, театрландырылған қойылымдарды тамашалады. Балдырғандарға Президенттің атынан құттықтау қағаздары, тәтті сыйлықтар және арнайы сертификаттар табысталды. Балалардың шат-шадыман жүздерінен мерекелік көңіл-күйдің ерекше болғаны анық көрінді. Іс-шара соңында кеш қонақтары ертегі кейіпкерлерімен бірге безендірілген шырша жанында естелік суретке түсті.
Марат ҚҰЛИБАЕВ
Ұқсас жаңалықтар
Көмірден электр энергиясын өндіру қолға алынбақ
- 9 сәуір, 2026
Ақпарат
ЖИ: шетелде қалай, бізде қалай?
- 31 наурыз, 2026
Тұрғындарға тегін құқықтық көмек көрсетілді
- 31 наурыз, 2026
Зейнетақы жинағын мерзімінен бұрын алудың талабы қандай?
- 31 наурыз, 2026
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




