Облыс әкімдігі мәдениет және тілдерді дамыту басқармасы облыстық халық шығармашылығы орталығы мен «Айтыс ақындары және жыршы-термешілер» орталығы бірлесіп өткізген «Ән мен жыр – халық қазынасы» атты облыстық дәстүрлі өнер байқауы осы олқылықтың орнын толтыруға жасалған қадам болды. Байқауға Тараз қаласынан және аудандардан 26 үміткердің қатысуы осынау әзиз өнерге құштар буынның әр ауылда қалыптасып келе жатқанын көрсетті.
Іс-шараға қатысушы өнерпаздарға Мәдениет саласының үздігі, облыстық «Айтыс ақындары және жыршы-термешілер» орталығының директоры Ахметжан Өзбеков сәттілік тілесе, байқауға әнші-термеші, Қазақстанның Еңбек сіңірген қайраткері Асылхан Шүңіреков төрағалық жасады. Сонымен қатар, танымал өнер майталмандары, Мәдениет саласының үздіктері Маралбек Бабақұлов пен Қарлығаш Қожағазина да талапкерлерді бағалау кезінде қара қылды қақ жарғаны анық. Қазылар байқау шартына сәйкес талапкерлердің өнеріне қатал қарады. Олардың сахна мәдениеті, үнінің домбырамен үйлесуі, дауысының кеңдігі, киім үлгісі жан-жақты назарға алынды.
Байқаудың қорытынды кезеңінде қазылар алқасының шешімімен «Дәстүрлі ән» аталымы бойынша бірінші орынды Байзақ ауданынан келген Нұрсұлтан Игілік қанжығасына байлап, жеңімпаз атанды. Т.Рысқұлов ауданының үкілі үміті Жансая Сәрсенбаева мен сарысулық әнші Ғалымжан Тезекбаев жүлделі екінші орындарға лайық деп танылды. Сонымен қатар, сарысулық Ернұр Әбухас пен меркілік Бекет Алдабергенов жүлделі үшінші орынды өзара бөлісті. Сондай-ақ, «Жыршы-термешілер» аталымы бойынша бірінші жүлдені тараздық Ернар Орынбасар иеленсе, шулық Бағдат Рланов және Жамбыл ауданының үміті Сәрсен Әбілхайыр жүлделі екінші орындарды өзара бөлісті. Таластық Бақтияр Сейтқұл мен тараздық Рүстем Малдыбаевтар жүлделі үшінші орыннан көрінді. Айта кетерлігі, қордайлық Алдаберген Жолдасбаев, сарысулық Жанарбек Әбдірахманов, жуалылық Мәлік Мықтыбеков, Жамбыл ауданынан Нұрлыбек Таласбаевтар да көпшілікке жақсы әсер қалдырды. Келешекте бұл өнерпаздарға да үміт артуға болатынын сезіндік. Жеңімпаздар мен жүлдегерлерді облыс әкімдігі мәдениет және тілдерді дамыту басқармасының басшысы Ерлан Жүнісбай марапаттап, диплом және бағалы сыйлықтар табыс етті.
Есет ДОСАЛЫ
Ұқсас жаңалықтар
Несие алу «сәнге» айналмаса игі...
- Бүгін, 02:54
Ақпарат
Қаратау қаласында биыл 17 балалар ойын алаңшасы ел игілігіне берілді
- 6 желтоқсан, 2024
«Әйелдер көшбасшылығы» тақырыбында семинар өтті
- 28 қараша, 2024
Адвокаттық сауалдан бас тартудың салдары қандай?
- 26 қараша, 2024
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді