Ұрпақтар сабақтастығы көрініс табуы керек деген ойын аудандық М.Төлебаев атындағы балалар музыка мектебінің жетекшісі Зарипа Дабысоваға жеткізеді. Өз кезегінде музыка маманы да әнді тыңдап көріп, келісімін берген екен.
– Ән жүрегімнен, бір сәтте тебіренген сезімнен, ой толғаудан шықты. Ғазиз Байтасовқа арналып кино түсіріліп жатыр. Басты кейіпкердің рөлінде белгілі актер Азамат Сатыбалды ойнайтыны туралы жаңалықты көрдім. Осы сәтте «Кино сәтті шықса екен» деген іштей тілек болды. Мүмкін, осы бір тілек ойыма түрткі болып, ішкі шығармашылығымды оятқан болуы керек, «Ғазиз аға» әні еш қиындықсыз, жарты сағат уақыт ішінде сөзімен бірге дайын болды. Көбінесе белгілі әндер мықты ақындардың өлеңдеріне жазылып жатады. Яғни, бірінші кезекте сөзі, соған сай ән өмірге келеді. Менің бұл әнім, сөзі мен әні қатар айтыла отырып дүниеге келді, – дейді Гүлжан Абдірәсілқызы.
Халық қаһарманының отбасы да жаңа әнді жылы қабылдаған. Олар осынау туындыны Ішкі істер министрлігінің әлеуметтік желідегі парақшасынан көріп, тыңдаған. Батырдың кіші ұлы Әділжан ән авторымен бірге Қарағанды қаласында ұйымдастырылған «Қазіргі заманның қаһармандары» атты іс-шараға арнайы қатысты. Халық қаһарманының баласының сөзінше, ән оның анасын да тебірентіп, ерекше әсерге бөлеген. Айта кетейік, Гүлжан Ниязқұлова отбасында төрт ағайынды, үйінің үлкені. Екі қыздың анасы. Қандай істі қолға алса да, тәртіп сақшысы үшін жауапкершілік бірінші орында. Ерліктің ерен үлгісін көрсеткен жерлесінің өмірін әнге арқау еткен ол 2017 жылдан бері Тұрар Рысқұлов аудандық полиция бөлімінде кәмелетке толмағандар істері жөніндегі полиция инспекторы болып қызмет етеді. Нәзік жанды полицейдің шығармашылыққа құмарлығы бала кезден басталған. Өз сөзінде мектеп қабырғасында жүргенде- ақ түрлі ән байқауларына қатысқанын жеткізді.
– Кәмелет жасқа толмағандар істері жөніндегі полиция инспекторы болғандықтан, ата-аналар мен балаларға көмектесу күнделікті қызметім десе де болады. Отбасылық, тұрмыстық, өмірлік қиындыққа тап болып жататын ата- аналар мен балаларға қолдау көрсетеміз. Мәселен, бір отбасының анасы аяқ астынан ауруханаға «Жедел-жәрдем» қызметінің көлігімен кеткен. Балалары үйінде қараусыз қалып, «Өмірлік қиын жағдайға тап болған балаларды орналастыру орталығына» жіберу керектігі туындады. Бірақ, балалар басқа жерге баруға жүрексінген соң, анасы ауруханадан келгенше жақын маңдағы мектеп-интернатына орналастырып, бақылауда ұстадық. Сонымен қатар, тауда, құмды аймақтарда мал бағып жұмыс істейтін ата-аналар балаларын өздерімен алып кеткен жағдайда оларды іздеп тауып, отбасылық мәселелеріне көмектесуге тура келеді. Өмір болған соң әртүрлі жағдайлар орын алады, соған байланысты көмектесеміз, – дейді.
Еске салсақ, Ғазиз Байтасов 2011 жылы 12 қарашада Тараз қаласында террорлық акт салдарынан жанқиярлық ерлікпен көз жұмған полиция капитаны. Содан бері оның есімі батырлық пен адалдық үлгісіне айналды. Тұңғыш Президент Нұрсұлтан Назарбаевтың Жарлығымен оған қайтыс болғаннан кейін «Халық Қаһарманы» атағы берілді. Гүлжанның қолына қалам алып, өлең шығаруына, оның сазын нотаға түсіруіне қанша жыл өтсе де, басын қауіпке тіккен полицейдің жүрек қозғар ерлігі себеп болған екен. Бұл тұрғыдан алғанда оның қаһармандықты тани білетін көкірек көзі, сезіне білген жүрегі бар екені даусыз.
Есен ӨТЕУЛІ
Ұқсас жаңалықтар
Термешілерге құрмет неге төмендеп кетті?
- 28 қараша, 2024
Өнербек Нұрбаевты еске алуға арналған әдеби-сазды кеш өтті
- 26 қараша, 2024
Ақпарат
«Әйелдер көшбасшылығы» тақырыбында семинар өтті
- 28 қараша, 2024
Адвокаттық сауалдан бас тартудың салдары қандай?
- 26 қараша, 2024
IQanat – жарқын болашаққа бастайтын жоба
- 28 қазан, 2024
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді