Онда жұмыстың түрлері мен әдістерін жетілдіру, осы саладағы ұйымдастырушылар мен мамандардың кәсіби даярлық деңгейін арттыру, әскери-патриоттық тәрбиеде материалдық базаны және ақпараттық қамтамасыз етуді дамыту жөніндегі шаралар айқындалған.
Қазіргі таңда елімізде 8 мыңнан астам әскери-патриоттық клуб, «Жас сарбаз» сыныптары, сондай-ақ «Смарт сарбаз» үйірмелері жұмыс істейді. Оларға әскери-патриоттық қозғалыстың 280 мыңнан астам тәрбиеленушісі жұмылдырылған. Бұл – жалпы білім беру мекемелеріндегі барлық оқушылардың шамамен 7,2 пайызын құрайды. Шын мәнінде, әскери тәрбие мен құқықтық сауаттылыққа баулуды бала кезден бастаған дұрыс. Осы бағытта Ұлттық қауіпсіздік комитеті Шекара қызметінің Жамбыл облысы бойынша департаменті жастарға Отан қорғау жауапкершілігін, әскери тәртіп пен патриоттық тәрбиені сіңіруде батыл қадамдарға баруда.
Айталық, жуырда Жамбыл ауданының шекара басқармасында «Жас шекарашы» әскери-патриоттық клубының оқушылары салтанатты түрде ант қабылдады. Бұл рәсім – жас ұрпақтың Отанға, оның тәуелсіздігі мен қауіпсіздігіне деген адалдығын білдіретін маңызды сәт. Нәтижесінде Жуалы, Жамбыл, Т.Рысқұлов аудандарының орта оқу орындарының 124 оқушысы «Жас шекарашы» әскери-патриоттық ұйымының мүшелігіне салтанатты түрде қабылданып, оларға куәліктер мен төсбелгілер табысталды.
– Әскери-патриоттық ұйымның мүшелері ел шекарасын қорғауға, ұйымның негізгі қағидаларын ұстануға, өз Отанын сүюге, сақтауға және жастарды тәрбиелеуге үлес қосуға салтанатты уәде берді. Ант қабылдау рәсімі – оқушылардың шекара қызметіне деген құрметті арттырып, жас жеткіншектерді әскери қызметтің жауапты міндетіне дайын болуға тәрбиелейді. Әскери-патриоттық клубтың мүшелері өз анттарында шекара күзетінің маңыздылығын терең түсініп, еліміздің қауіпсіздігі жолында адал қызмет етуге дайын екендерін мәлімдеді. Бастысы, «Қазақстан Республикасына қызмет етемін!» деп ант берген бала жауапкершілікті сезініп өседі. Бұдан бөлек, олар қоғам өміріне ерте жастан араласады. Өзін-өзі дамытуға, мектепте әдеп пен тәртіпті сақтауға құштар оқушыдан ел ертеңіне алаңдайтын азаматтар шығатынына үмітіміз мол, – делінген Шекара қызметі таратқан ақпаратта.
Есен ӨТЕУЛІ
Ұқсас жаңалықтар
Халық қарыз қамытынан қалай шығады?
- 28 қараша, 2024
Ақпарат
«Әйелдер көшбасшылығы» тақырыбында семинар өтті
- 28 қараша, 2024
Адвокаттық сауалдан бас тартудың салдары қандай?
- 26 қараша, 2024
IQanat – жарқын болашаққа бастайтын жоба
- 28 қазан, 2024
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді