Оған Ауған соғысының ардагері Дүкенбай Ермеков, Ұлттық қауіпсіздік комитеті Шекара қызметі «Застава тарландары» республикалық қоғамдық бірлестігі өңірлік филиалының төрағасы Қошқарбай Жұмабаев, Ұлттық қауіпсіздік комитеті әскери полиция бөлімінің жедел уәкілі Бақберген Орынбасар мен Ұлттық қауіпсіздік комитеті Шекара қызметі Жамбыл облысы бойынша департаментінің әйелдер кеңесі мүшелері Калдина Омарқұлова және Айнұр Жапбарова қатысты. Кездесу барысында спикерлер дәл осындай мазмұндағы кездесулер арқылы әскери қызметкерлердің бойындағы патриотизм сезімін арттыруға болатынын атап өтті. Олар шекара қызметінің тәжірибесі сарбаздарға ерлік пен табандылық сыйлайтынын айтты.
– Шекараның шегенделуі қажырлы еңбекпен келгенін ұмытпағанымыз абзал. Ұлт ұстазы Ахмет Байтұрсынұлы: «Жер мәселесі – қазақтың тірі я өлі болуының мәселесі», – деп бекер айтпағаны белгілі. Алаш арыстары айтқандай, еліміздің тұтастығы мен егемендігі – біздің басты құндылығымыз. Шапқан тұлпардың тұяғы, ұшқан құстың қанаты талатын байтақ даламыздың қадірін білу, сыртқы жаудан қорғау – асыл міндетіміз, – деді Дүкенбай Сайлаубекұлы.
Бұдан кейін, арнайы шақырылған қонақтар әскерилерге шекарашы болудың артықшылықтарын, оның ел алдындағы жауапкершілігі мен абыройлы міндет екеніне тоқталды. Спикерлер жалпы аумағы 14 мың шақырымға созылған шекараны белгілеп алу ұзақ мерзімге созылған келіссөздердің нәтижесінде мүмкін болғанын баса айтты. Өз кезегінде шекара шебіндегі сарбаздар еліміздің бейбіт өмірін күзетуде барын салатындықтарын жеткізді.
Есен ӨТЕУЛІ
Ұқсас жаңалықтар
Екпені тейлериоз ауруы тіркелмей егу керек
- 4 желтоқсан, 2025
Мүгедектердің құқықтарын қамтамасызетудің жайы қалай?
- 4 желтоқсан, 2025
Ақпарат
Шаруалардың маңдай тері ақталатын күн жақын
- 25 қыркүйек, 2025
Әлемде транзит үшін бәсеке күшейіп бара жатыр – Тоқаев
- 8 қыркүйек, 2025
Цифрландыру пойыздың кешікпеуіне көмектесе ме?
- 21 тамыз, 2025
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




