– Ел болашағы – білімді ұрпақ. Шын мәнінде, мемлекет білімді оқушыларды әрқашан қолдауға дайын. Енді халықаралық олимпиада топ жарған жеңімпаздар мен жүлдегерлер қомақты қаржылай сыйақыны иемденеді. Бұл – білім жарыстарына қызығушылықты арттырып, үздіктерді ынталандыру үшін қолға алынып отыр. Мәселен, халықаралық олимпиадаларда жеңіске жеткен оқушыларға біржолғы сыйақы ретінде 5,5 миллион теңгеге дейін қарастырылған. Ал, әлемдік деңгейдегі ең беделді білім бәйгелерінде жеңіске жеткен оқушыларға – 1 500, күміс жүлде үшін – 1 000, қола жүлде иегеріне 500 айлық есептік көрсеткіш көлемінде сыйақы беріледі. Сонымен қатар, жеңімпаздарға отандық жоғары оқу орындарының гранттары табысталады. Осылайша, дарынды жастарға үлкен қолдау көрсетіліп, олардың білімі мен жетістіктері лайықты деңгейде бағаланады. Жеңімпаздарды дайындаған педагогтардың да еңбегі елеусіз қалмай, олар да марапатталады, – деді министр.
Атап өту керек, қазіргі таңда Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев тікелей тапсырмасына сәйкес, білімді әрі бәсекеге қабілетті жастардың қатарын арттыру мақсатында республика бойынша ілкімді істер қолға алынуда.
Айталық, соңғы бес жылдың ішінде елімізде 1 миллион оқушыға арналған бір мыңнан аса мектептің құрылысы қарқын алды. Бұдан бөлек, барлық білім ошақтарын «Жайлы мектеп» деңгейіне жеткізу бойынша жүйелі жұмыстар атқарылуда.
Нәтижесінде, 2027- 2028 жылға дейін еліміздегі барлық мектептің инфрақұрылымы жақсарып, оқушылар жоғары жылдамдықты интернет пен заманауи үлгіде пәндік кабинеттерге қол жеткізбек. Осылай деген Ғани Бейсембаев әрбір педагог өз мамандығына адалдық танытып, ұрпақ тәрбиелеу ісіне үлес қосуы қажеттігін жеткізді.
Жалпы, Оқушылар сарайындағы кездесу еркін форматта ұйымдастырылды. Бұл күні осы жиынға Оқу-ағарту министрімен қатар облыс әкімінің орынбасары Серік Сәлемов пен облыс әкімдігі білім басқармасының басшысы Рауан Садырқұлов та қатысты.
Кездесуде Ғани Бейсембаев жастарға тәрбие мен білім беру жұмысында ардагер ұстаздарға зор сенім артылатынын баса айтып, оларды бұл істе белсенділік танытуға шақырды. Сондай-ақ, министр кез келген жас ұрпақ шетелде білім алуға ұмтылып, өз Отанының гүлдену жолында аянбай қызмет ету қажеттігін айтып өтті. Мұнан соң, жиынға қатысушылар спикерге көкейлеріндегі сұрақтарын қойып, ұсыныс-тілектерін жеткізді.
Кездесу соңында еліміздің министр оқушылармен, ұстаздар қауымымен естелік суретке түсіп, олардың білім шыңын бағындыруына тілектестігін білдірді. Оқу-ағарту минист рі Ғани Бейсембаев бір жұмыс күніне жоспарланған іссапары барысында Сарыкемер ауылына да барды. Мұнда «Жайлы мектеп» жобасы аясында бой көтерген №7 орта мектепке бас сұғып, жаңа оқу орнының жабдықтары мен оқу үрдісінің ұйымдастырылуымен танысты.
Сондай-ақ, министр Жамбыл инновациялық жоғары колледжіне де барып, білім беру процесінің сапасын арттыру мақсатында қолданылып жатқан әдістерді көріп, оқу орнының басшылығымен пікір алмасты.
Есен ӨТЕУЛІ
Ұқсас жаңалықтар
Ақпарат
«Әйелдер көшбасшылығы» тақырыбында семинар өтті
- 28 қараша, 2024
Адвокаттық сауалдан бас тартудың салдары қандай?
- 26 қараша, 2024
IQanat – жарқын болашаққа бастайтын жоба
- 28 қазан, 2024
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді