Cыбайлас жемқорлыққа қарсы еріктілер жобасы оң нәтиже беруде
- author «Ақ жол»
- 1 қараша, 2024
- 385
Мобильді топтың мақсаты – қоғамда сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру, халыққа тегін құқықтық кеңес беру, қабылдаулар өткізу.
Топ құрамына анықталған әлеуметтік мәселелерін шешуге жауапты облыстық мемлекеттік органдардың өкілдері, заңгер, адвокат, сот орындаушы, нотариус, мәслихат депутаттары, адам құқықтары жөніндегі уәкілдің Жамбыл облысы бойынша өкілі, облыстық қоғамдық кеңес және ҮЕҰ төрағалары кірген.
«Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мобильді топ» көшпелі кеңес беру алаңына 50 - ге жуық азамат тұрмыстық мәселе көтерді. Кездесу барысында қала азаматтары баспана, жер мәселесін, тұрақты жұмыспен қамту, денсаулық, білім саласына қатысты сауалдарын көтерді. Мәселен, көтерме бағада балық сатуды қолға алған азамат, «Ауыл береке» базары маңынан ыңғайлы орналастыруын сұранды. «ОРЦ Тараз» ЖШС басшысы Алтай Қарабеков мәселені назарға алып, кәсіпкерге нақты жоспармен келіп, ортақ шешімге келетіндіктерін жеткізді.
ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс қимыл агенттігінің Жамбыл облысы бойынша департаментінің «Превенция және парасаттылық» басқармасының басшысы Ербол Бақтыхожаев бұл жобаның маңыздылығына кеңірек тоқталды.
«Шалғай жатқан елдімекен тұрғынның бәрінде облыс орталығына өтінішін айтып баруға мүмкіндігі жоқ, ал жоба арқылы әр азамат әділетсіздікке тап болған жағдайда және тегін заңгерлік құқықтық алуға таптырмас іс- шара болды» - деп, ойын ашық жеткізді.
Айта кету керек, жоба Жамбыл облыс әкімдігінің ақпарат және қоғамдық даму басқармасының «Қоғамда сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру жөніндегі іс-шараларды ұйымдастыру» атты мемлекеттік - әлеуметтік тапсырысы аясында ұйымдастырылады. Осы уақытқа дейін аймақта 10 ауданда өткен маңызды шараға 500- ден астам азаматтар мәселе көтерген. Республикалық деңгейде өткен мобильді қоғамдық қабылдауда халық арасында көтерген мәселелер оң шешімін тапқан.
Ұқсас жаңалықтар
Ақпарат
Ұстаздық деген ұлы жол
- 21 қаңтар, 2025
Таразда ҚАЖ департаменті жыл қорытындысын жасады
- 16 қаңтар, 2025
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді