Нәрестенің жағдайы алғашында өте ауыр болған. Өкпедегі қан ағымы айтарлықтай төмендегендіктен, тыныс алу жеткіліксіздігіне және десатурацияға 75 пайызға дейін әкелген. Баланың өміріне қауіп төніп тұр еді.
Орталық мамандарының үйлесімді жұмысымен консилиум шешімімен жаңа туған нәресте шұғыл түрде операцияға дайындалды. Нәресте жүрегіне жасалатын хирургиялық араласуды рентгенэндоваскулярлық хирургия бөлімінің меңгерушісі, доктор Вадим Сейсембеков жүргізді.
Операция кезінде феморальды тамыр арқылы өкпе клапанының жабық эндоваскулярлық баллонды вальвулопластикасы жасалды. Операция сәтті өтті және соның нәтижесінде гемодинамикалық әсер айтарлықтай жақсарды, яғни сатурация 90 пайызға дейін көтерілді.
Бала операциядан кейінгі бесінші күні жағдайы жақсарып, үйіне шығарылды. Мұндай жағдай – қалпына келтірудің озық көрсеткіші.
Бұл жағдай–шұғыл медициналық көмектің маңыздылығын және ең кішкентай пациенттердің өмірі мен денсаулығын қалпына келтіруге қабілетті заманауи кардиохирургия әдістерінің тиімділігін көрсетеді.
Қамар ҚАРАСАЕВА.
Ұқсас жаңалықтар
Жасампаздыққа жетелеген жеті жыл
- 5 наурыз, 2026
Сезімді қайтем, сезімді қайтем тулаған
- 3 наурыз, 2026
Ақпарат
Нарша
- 2 наурыз, 2026
Жамбылдың жауһар жырлары
- 26 ақпан, 2026
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




