Экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасының басшысы Сандуғаш Абдралиеваның айтуынша, есепті кезеңде облыстың экономикалық өсімі 3,7 пайызды құрады. Ең жоғары көрсеткіш құрылыс (20,6 пайыз), тұрғын үй құрылысы (2,3 пайыз), инвестиция (1,7 пайыз), сауда (2,1 пайыз), сондай-ақ көлік (13,5 пайыз) және байланыс (9,1 пайыз) салаларына тиесілі.
Негізгі капиталға 328,3 миллиард теңге инвестиция тартылды. Өнеркәсіп құрылымында өңдеу секторының үлесі 65,2 пайызды құрап, 420,9 миллиард теңгенің өнімі өндірілді. 9 айдың қорытындысы бойынша өңдеу өнеркәсібінің құрылыс индустриясы саласында өсім 1,2 пайызды, дайын металл бұйымдарының өндірісі 68,9 пайызды құрап, оң динамика қалыптасты.
Сонымен бірге химия өнеркәсібінде сары фосфор өндірісі 12,3 пайызға артты. Тау-кен өндіру саласындағы өсім 2,6 пайызды, электрмен жабдықтау – 14,7 пайызды, сумен жабдықтау – 7,8 пайызды құрады.
Бұдан соң Ербол Қарашөкеев көрсеткіштері төмен қалыптасқан аудан әкімдерінің есебін тыңдады. Тараз қаласы мен аудандарға жыл соңына дейін әлеуметтік-экономикалық дамудың нысаналы көрсеткіштеріне қол жеткізуді қамтамасыз етуді міндеттеді.
Қаржы басқармасының басшысы Батырхан Әкек облыстық бюджеттің атқарылуы туралы баяндама жасады. Ербол Қарашөкеев бюджет қаражатын тиімді және толық игеру бойынша нақты тапсырмалар берді. Кәсіпкерлік және индустриалдыинновациялық дамыту басқармасының басшысы Аспандияр Сейсебаевтың, Жамбыл, Сарысу, Шу аудандары әкімдерінің баяндамалары жеке тыңдалды.
Кеңейтілген әкімдік мәжілісінің қорытындысы бойынша Ербол Қарашөкеев облыс орталығы мен аудандардың әлеуметтік-экономикалық әлеуетін арттыру бойынша жауаптылардың алдына бірқатар нақты міндет қойды. Бұдан бөлек, нысаналы көрсеткіштерді орындауда әкімдер мен басқарма басшыларының жеке жауапкершілігі барын еске салды.
– Ауыл шаруашылығы статистикасында жалған деректердің бары анықталды. Алдағы уақытта мұндай фактілердің жолын кесу қажет. Нақты ахуалды көрсетіп, жергілікті жердегі жағдайды бақылап, өзекті мәселелерді шешу үшін жүйелі жұмыс жүргізу – өте маңызды, – деді облыс әкімі.
Облыс әкімінің баспасөз қызметі.
Ұқсас жаңалықтар
Ақпарат
«Әйелдер көшбасшылығы» тақырыбында семинар өтті
- 28 қараша, 2024
Адвокаттық сауалдан бас тартудың салдары қандай?
- 26 қараша, 2024
IQanat – жарқын болашаққа бастайтын жоба
- 28 қазан, 2024
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді