Бұл өзекті мәселе өз кезегінде ел Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевты да алаңдатып отырғанын халыққа арнаған Жолдауларынан аңғаруға болады. Себебі, өткен жылы Мемлекет басшысы Қазақстан халқына арнаған «Сындарлы қоғамдық диалог – Қазақстанның тұрақтылығы мен өркендеуінің негізі» атты Жолдауында Үкіметке қамқорлығында мүмкіндігі шектеулі балалары бар отбасыларға ерекше көңіл бөлуді тапсырып: «Тек ресми статистика бойынша 80 мыңнан астам бала мүгедектігіне байланысты есепте тұр. Біз ерекше қажеттіліктері бар адамдар үшін бірдей мүмкіндік жасауға міндеттіміз. Мен бұл туралы өзімнің сайлауалды бағдарламамда айттым», – деген болатын. Мемлекет басшысының тапсырмасын жүзеге асыру, мүмкіндігі шектеулі жандарды тұрғын үймен қамтамасыз ету мақсатында Тараз шаһарында атқарылып жатқан шаруалар аз емес.
– Бүгінге дейін Тараз қаласында пәтер алу кезегінде 22 915 азамат тіркеліп тұр. Оның ішінде 2 049 кәмелетке толғанға дейін атааналарынан айырылған 29 жасқа толмаған жетім бала мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар, көпбалалы отбасылар, «Алтын алқа», «Күміс алқа», «Батыр ана», І және ІІ дәрежедегі «Ана даңқы» атағын алған отбасылар – 4 314, әлеуметтік жағынан қорғалатын топтарына жататын азаматтар – 9 506, мемлекеттік қызметшілер, өзге де бюджеттік ұйымдардың қызметкерлері мен әскери қызметшілер арасынан 7 046 адам тіркеуде тұр. Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2022 жылғы 23 қыркүйектегі №736 қаулысымен бекітілген Тұрғын үй-коммуналдық инфрақұрылымды дамытудың 2026 жылға дейінгі тұжырымдамасына сәйкес, кезек тізіміне тіркелген әлеуметтік осал санаттарына жататын азаматтардың тұрғын үй мәселесін шешу аясында республикалық және облыстық бюджеттік өтінім ұсыну бойынша екінші нарықтан пәтер сатып алу қарастырылған. Аталған жоба бойынша 108 пәтер пайдалануға беріліп, кезек тізіміне тіркелген азаматтарға кезек ретіне сай бөлу жұмысы аяқталып, берілді. Оның көпбалалы отбасыларға 13 пәтері ұсынылды, – деді қалалық тұрғын үй қатынастары бөлімінің бас маманы Нұрбек Молдағазы. Оның айтуынша, жоспар бойынша 200 пәтер болғандықтан, бүгінгі күнде қалған 92 пәтерді бөлімнің теңгеріміне қабылдау бойынша тиісті жұмыстар жүргізілуде. Тіркеу жұмыстары аяқталған соң, тұрғын үй мәселесі бойынша 1997 жылғы 16 сәуірдегі Қазақстан Республикасы «Тұрғын үй қатынастары туралы» Заңымен бекітілген талабына сай мемлекеттік қордан пәтер алу кезек тізіміне тіркелген азаматтарға бөлу жұмыстары жүргізілетін болады. Сонымен қатар, ағымдағы жылы 669 пәтер сатып алу көзделуде. Онын ішінде 162 пәтер мемлекеттік бюджеттен, 507 пәтер «Самұрық-Қазына» қоры қаражаты есебінен өтелмек. – 2024 жылы 108 пәтер пайдалануға ұсынылса, оның 7 пәтері І, ІІ топтағы мүгедек азаматтарға, 3 пәтері мүгедек бала асыраушы отбасыларға бөлінді. Сонымен бірге І, ІІ топ мүгедектері мен мүгедек бала асыраушы отбасылар «Отбасы банк» АҚ арқылы қосымша мемлекеттік бағдарламалар шеңберінде тұрғын үй алу мүмкіндіктері бар екендігін айта кеткен жөн, – дейді маман.
Арайлы ЖАҚСЫЛЫҚ.
Ұқсас жаңалықтар
Тіл оқыту орталығы: Жалақы аз, штат бос, маман жоқ
- 26 желтоқсан, 2024
Той мәдениетін көтеру көптің ісі
- 26 желтоқсан, 2024
Ақпарат
Жамбылда заңсыз берілген жер учаскелері қайтарылды
- 25 желтоқсан, 2024
Жамбыл облысы: гранттар арқылы оң өзгерістер жасаудың жаңа мүмкіндіктері
- 25 желтоқсан, 2024
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді