Оның айтуынша, Тараз қа ласы бойынша бүгінде 5 жылу өндіруші және тасымалдаушы кәсіпорын жұмыс істейді. Орталықтандырылған жылу жүйесі арқылы 1730 нысан жылумен қамтамасыз етіледі. Сондай-ақ, шаһардағы жылу жүйесіне қосылған 1345 көппәтерлі тұрғын үйлер де толығымен жылыту маусымына дайын. Сонымен қатар, денсаулық сақтау нысандары бойынша әзірлік паспорттары жинақталып, тиісті дайындық жұмыстары жүргізілген. Білім беру мекемелері бойынша да әзірлік паспорттары алынып, екі нысанның жапсарлас құрылысы және жылыту жүйесіне ағымдағы жөндеу жұмыстары жүргізілуде. «Барлық жылу беруші кәсіпорындар газ жеткізу қызметі бойынша «QAZAQGAZAIMAQ» акционерлік қоғамының Жамбыл өндірістік филиалымен келісімшарт жасалған. Бұған қоса кәсіпорындарда резервтік отын қоры ретінде 1815 тонна көмір, 13 279,6 тонна мазут қоры дайындалды», – деді ол.
Қайрат Әбілханұлы баяндамасында қала бойынша орталық жылу магистралінің құрылыс жұмысы мен жеке секторларға қатты отын жеткізу барысы қалай орындалып жатқанына тоқталды.
– Биыл Төле би даңғылы, Сыпатай батыр, Тұрысов көшелерінің бойындағы М-1 жылу магистралін қайта жаңғырту жұмыстарына 7,1 миллиард теңге бөлінді. Бүгінгі күні аталған нысанның құрылысын жүргізіп жатқан «Сарыағаш-Аман» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі құрылыс-монтаждау жұмыстарын аяқтап қалды. Асфальт жабындысын төсеу жұмыстары да аяқталып келеді. Ал, жеке сектордағы тұрғындарға қатты отын өткеретін шаһарда 7 оператор бар. Жеке тұрғын үйлердің жылыту маусымында пайдаланылатын көмір көлемінің болжамы 14 945 тоннаны құрайды. Қазіргі таңда, тұйықтарда шамамен 4910 тоннаға жуық көмір қоры бар. Шұбаркөл көмірінің орта бағасы – 17500 теңге, Қаражыра көмірінің орташа бағасы 20500 теңгені құрайды, – дейді Қайрат Әбілханұлы.
«QAZAQGAZ AIMAQ» акционерлік қоғамының Жамбыл өндірістік филиалының мәліметіне қарайтын болсақ, қалаға қарасты Құмшағал және Шөлдала шағынаудандары мен 28 саяжай алаптарында жалпы 2989 тұрғын үй газдандыру жүйесіне қосылмаған. Ал, көмір сатумен айналысатын жеке кәсіпкерлер 2024-2025 жылдардағы жылыту маусымы кезеңінде теміржол тарифі тұрақты болған жағдайда, көмір бағасын қымбаттатпайтынын айтып отыр.
Дегенмен, «Қазгидромет» мекемесінің қазан айына арналған ауа райы болжамына қарайтын болсақ, 16-23 қазан аралығында орташа ауа температурасы 5 0С-ге төмендейді екен. Осыған орай, білім беру және денсаулық сақтау нысандарына 7 қазаннан бастап жылу беріле бастаса, ал көпқабатты тұрғын үйлер мен басқа да нысандарға 15 қазаннан бастап жылу беру кезең-кезеңімен жүзеге асырылатындығы айтылды. Жиында шаһар басшысы Бақытжан Орынбеков жылыту маусымына салғырт қарауға болмайтынын баса айтты.
– Былтырғы жылыту кезеңінде бірқатар кемшілікке жол берілгені жасырын емес. Енді биыл содан сабақ алып, жылыту маусымына мұқият қарауға тиіспіз. Бұл тұрғыда бар жауапкершілік ең әуелі сала басшыларына жүктелген. Сондықтан, бірінші кезекте денсаулық сақтау, білім беру, тағы басқа әлеуметтік нысандар жылумен толығымен қамтамасыз етіледі. Сондай-ақ, «Қазгидромет» мекемесінің ресми ауа райы болжамы ұдайы назарда болуы қажет, – деген Бақытжан Әмірбекұлы жауапты тұлғаларға нақты тапсырмалар жүктеді.
Марат ҚҰЛИБАЕВ
Ұқсас жаңалықтар
Нәзікжандылардың белсенділігі артып келеді
- Бүгін, 03:22
Ақпарат
Қаратау қаласында биыл 17 балалар ойын алаңшасы ел игілігіне берілді
- 6 желтоқсан, 2024
«Әйелдер көшбасшылығы» тақырыбында семинар өтті
- 28 қараша, 2024
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді