Басқосуда сөз алған шаһар басшысы алтын құрсақты аналарға ақ тілегін арнады.
– Еліміз егемендігін алған сәттен бастап ана мен баланы қорғау, демографияны дамыту бағыттарына айрықша көңіл бөлініп келеді. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев әр Жолдауында осы мәселені назардан тыс қалдырған емес. Жан-жақты қолдаудың нәтижесінде Тараз қаласы тұрғындарының саны артып келеді. Бұған өздеріңіздей алтын құрсақты аналарымыздың қосып отырған үлесі зор, – деген Бақытжан Әмірбекұлы 7 анаға «Алтын», 18 анаға «Күміс» алқаларын табыс етті.
Өз кезегінде марапат иелері де қала басшылығына алғыс білдірді.
Жалпы, Тараз қаласы бойынша 2010-2023 жылдар аралығында 2 753 ана «Алтын», 2 516 ана «Күміс» алқаға ие болған.
«Aq jol»-аqparat.
Ұқсас жаңалықтар
Дәріханалардағы дәрі бағасы бір түнде өскені ме?
- 4 желтоқсан, 2025
ЖИ-ді іске асыруда жастардың рөлі ерекше
- 4 желтоқсан, 2025
Ақпарат
Шаруалардың маңдай тері ақталатын күн жақын
- 25 қыркүйек, 2025
Әлемде транзит үшін бәсеке күшейіп бара жатыр – Тоқаев
- 8 қыркүйек, 2025
Цифрландыру пойыздың кешікпеуіне көмектесе ме?
- 21 тамыз, 2025
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




