Тарихи тұлға Гомердің «Илиада»,«Одиссея» дастандары ең үздік шығармалар қатарына кіреді. Жазылғанына қанша ғасыр өтсе де әлі күнге дейін оқырман қолынан түскен емес. Себебі, айтары көп, берері мол поэма. Сонау Грекиядағы Троя шайқасы арқылы достықты, қанағатты, татулықты, бірлікті дәріптейді.
«Жүз жылдық жалғыздық» романы – ХХ ғасырдың ең ұлы туындыларының бірі. Авторы – Габриэль Гарсиа Маркес. Қаламгер Буэндиа отбасының өмірін мысал ете отырып, бүтін бір әулеттен бүлікші де, алаяқ та, сондай- ақ білімділер мен жақсылар да шығатынын әсемдікпен жеткізген.
Қоғамдағы әйелдердің рөлі, адамдардың екіжүзділігі, өмір философиясы тақырыбы қай дәуірде болмасын өзектілігін жойған емес. Хенрик Ибсеннің «Қуыршақтың үйі» де тап осындай мәселелерге негізделген. Драманың негізгі ойы: ет пен сүйектен жаратылған қарапайым пенде ешқашан адамгершіліктен аттамау керек.
Х.Г.Уэллс оқырманға «Әлемдер соғысы» фантастикалық романымен танымал. Кітаптың алғашқы парақтарын ашқаннан ойдан құрастырылған көріністерге тап боласыз. Алайда, ішінде реализм де бар. Уэллс кітапты « басқыншылық» идеясымен жазып шығарды. Яғни, британдық отарлаушылардың соғысын бөтен ғаламшарлықтардың соғысы деп өзгертіп, аллегория тәсілімін алмастырған.
ThingsFallApart (заттар бұзылысы) – Чинуа Ачебенің шығармасы. Күллі Африка мектептеріндегі негізгі кітап. Романда Нигерия аймағының отаршылдыққа дейінгі өмірі суреттеледі. ХІХ ғасырдың соңына қарай еуропалық миссионерлер мен отаршыл күштердің пайда болуы терең сипатталған. Мұны бірінші рет оқыған жан толық түсінбеуі мүмкін. Өйткені, баяндалу стилі аса күрделі.
Әсем АСЫЛБЕК,
М.Х.Дулати атындағы Тараз өңірлік университеті журналистика мамандығының 3-курс студент
Ұқсас жаңалықтар
Екпені тейлериоз ауруы тіркелмей егу керек
- 4 желтоқсан, 2025
Мүгедектердің құқықтарын қамтамасызетудің жайы қалай?
- 4 желтоқсан, 2025
Ақпарат
Шаруалардың маңдай тері ақталатын күн жақын
- 25 қыркүйек, 2025
Әлемде транзит үшін бәсеке күшейіп бара жатыр – Тоқаев
- 8 қыркүйек, 2025
Цифрландыру пойыздың кешікпеуіне көмектесе ме?
- 21 тамыз, 2025
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




