Жамбыл облыстық Ардагерлер кеңесінің төрағасы өз таңдауын жасады
- author «Ақ жол»
- 6 қазан, 2024
- 1.3k
Тараз қаласы Қаратай Тұрысов атындағы № 53 мектеп-гимназияда орналасқан № 50 сайлау учаскесінде бірнеше қоғамдық ұйым тарапынан байқаушылар қатысып отыр. Біз өз таңдауын жасап, дауыс беруге келген тұрғындарды сөзге тартып көрген едік. Олардың арасында облыстық ардагерлер кеңесінің төрағасы Еркінбек Солтыбаев та бар. Ол бұл референдум келер ұрпақтың тағдырына оң әсер ететінін сөз етті.
– Мен «Астана» шағынауданында тұрамын. Сондықтан № 50 сайлау учаскесіне сағат күндізгі 07.30-да келіп, өз таңдауымды жасадым. Халықтың көңіл күйі көтеріңкі. Облыста электораттардың 19-20 пайызы зейнеткерлер. Азаматтардың дауыс беруде белсенділік танытып жатқаны мені қуантты. Себебі жұртшылықтың бүгінгі жасаған таңдауы қазақ елінің болашағының баянды болуына жол ашатын ең маңызды қадам деп білемін, – дейді Еркінбек Бейсенбекұлы.
Жамбыл облыстық аумақтық референдум комиссиясының мәліметіне сәйкес, дауыс беру күні учаскелерде «электрондық үкімет» порталы арқылы азаматтардың тіркелген жері бойынша мәліметтерді тексеру онлайн-сервисін іске асыру бойынша қажетті шаралар қабылданды.
Ұқсас жаңалықтар
Бұлақ көзі ашылып, ағаштар отырғызылды
- 14 сәуір, 2026
Ақпарат
ЖИ: шетелде қалай, бізде қалай?
- 31 наурыз, 2026
Тұрғындарға тегін құқықтық көмек көрсетілді
- 31 наурыз, 2026
Зейнетақы жинағын мерзімінен бұрын алудың талабы қандай?
- 31 наурыз, 2026
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




