Онда шекара бөлімшелерінің жеке құрамымен Тараз қалалық ардагерлер кеңесі жанындағы Аналар алқасының төрайымы, облыстық «Анаға тағзым» отбасын қолдау орталығының қызметкерлері кездесіп, пікірлесті. Тағылымы мол жиынға Тараз қалалық ардагерлер кеңесі жанындағы Аналар алқасының төрайымы, Ш.Мұртаза атындағы Халықаралық Тараз инновациялық институтының профе ссоры, педагогика ғылымдарының докторы Жанат Сарыбекова, облыстық «Анаға тағзым» отбасын қолдау орталығы «Әдіснама және ақпараттық-ағарту» бөлімінің басшысы Гүлнара Нарболдиева, орталық психологы Аида Назымбекова қатысты.
Кездесу барысында ұлттық құндылықтар, мәдениет, тіл төңірегінде кеңінен әңгіме өрбіп, бүгінгі буынның тәрбиесі, ұлттық идеологиямызға жат дүниелерден алшақ болу туралы орамды ойлар айтылды. Сондай-ақ, басқосуда Тараз қалалық Аналар алқасының төрайымы Жанат Сарыбекова «Ұлттық тәрбие – ұлт болашағы» атты баяндамасында ұлттық психология, отбасы құндылықтары төңірегінде ой өрбітті. Өз шаңырақтарының үмітін арқалап, Отан алдындағы азаматтық парызын өтеуге келген жас қырандардың отбасыларына абыроймен оралуларына аналар қауымы шын тілектестік білдірді.
– Қазіргі Қарулы күштердің барлық саласында тәрбие мен идеологияның атқарып жатқан жұмысы өлшеусіз. Идеология жоқ жерде әскердің бағыты, бағдары айқын болмайды. Өйткені, тәртіп бар жерде тәрбие болады. Сол себепті әскери қызметшілерге берілетін патриоттық тәрбие мен идеологияның әскердегі орны қашанда бөлек, – дейді Жамбыл ауданы бойынша шекара басқармасының тәрбиелік, идеологиялық бөлім бастығының орынбасары, майор Талапжан Сағадатұлы.
– Еліміздің болашағы – ұрпақ тәрбиесінде, еліміз егемендік алып, өз алдына отау тігіп өзінің ішкі-сыртқы саясатын өзі шешетін болды. Бүгінде баршаның міндеті – әдет-ғұрпымызды, салт-дәстүрімізді жандандырып, ұлттық сана-сезімі жоғары, тәрбиелі ұрпақ өсіру. Өскелең ұрпақты патриоттық тәрбиелеу мен азаматтық сезімдерін қа лыпт астыру – мемлекет пен қоғамның өзекті мәселелерінің бірі. Отанға деген сүйіспеншілік болмай, бәсекеге қабілетті әрі күшті болу мүмкін емес. Болашақ жеткіншектерді елін, жерін қорғауға, патриоттық рухқа тәрбиелеу маңызды, – дейді Тараз қалалық Аналар алқасының төрайымы Жанат Төленқызы.
Келешектің кемелдігін көздеген тәрбиелік іс-шара өнегелі өсиетпен өрілді. Жас сарбаздар да өз ойларын ортаға салып, аналармен кеңесті.
Қамар ҚАРАСАЕВА
Ұқсас жаңалықтар
Екпені тейлериоз ауруы тіркелмей егу керек
- 4 желтоқсан, 2025
Мүгедектердің құқықтарын қамтамасызетудің жайы қалай?
- 4 желтоқсан, 2025
Ақпарат
Шаруалардың маңдай тері ақталатын күн жақын
- 25 қыркүйек, 2025
Әлемде транзит үшін бәсеке күшейіп бара жатыр – Тоқаев
- 8 қыркүйек, 2025
Цифрландыру пойыздың кешікпеуіне көмектесе ме?
- 21 тамыз, 2025
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




