Ал, өзінің адалдығымен, үлгілі әскери тәртібімен, жауынгерлік даярлық сабақтарын үздік меңгеріп жүрген, озат сарбаздың бірі – Азамат Базарбаев.
Отан алдындағы қасиетті борышын Жуалы ауданы аумағында орналасқан 91678 әскери бөлімінде өтеп жүрген Азамат алғашқы күндерінен бастап-ақ әскери өмірдің қыр-сырын үйренуге үлкен ынта білдіріп, жоғары патриоттық сезімімен қарулас достарына үлгі-өнеге бола білген. Жауынгерлік міндеттерін атқаруда жауапкершілік пен дұрыс бастама көрсетіп, өзіне сеніп тапсырылған қарудың құрылымын, тактика-техникалық сипаттамасын, қызмет көрсету тәртібін өте жетік меңгергендіктен, атыс даярлығында үздік нәтижелер көрсетті.
Ақтөбе облысында туып-өскен Азамат Базарбаев Алматы энергетика және байланыс университетінің түлегі, мамандығы – ақпараттық жүйелер саласы.
– Оқуымды аяқтаған соң, бір жылдай жұмыссыз жүрдім, өйткені мен бас сұққан мекемелер әскери билетсіз жұмысқа қабылдамады. Әскери билетсіз жұмысқа орналаса алмайтынымды білген соң азаматтық борышымды өтеуге аттандым. Мен мүлде кітап оқымайтынмын, әскери өмір мені кітап оқуға үйретті десем болады. Кеңес Одағының Батыры Бауыржан Момышұлының кітабын оқып шықтым, ротадағы жалпы барлық жауынгерлермен дос болдым. Жауынгерлердің ішіндегі ең жақыны, өзімнің жерлесім Асылхан Дэлман. Әскерге келгенде жаңа киімдермен, жаңа әскери техникалармен қамтамасыз етілесің. Мұнда жылы казармалар, спортпен шұғылдануға, демалыс күндерін тиімді өткізуге мүмкіндіктер қарастырылған. Әскери борышын өтеп келген соң, офицерлік жолды таңдап, ішкі істер органдарына, басқа да салаларға қызметке орналасып жатқан сарбаздар да бар. Демалыс күндері Zoom бейнебайланыс арқылы ата-анамызбен сөйлесуге мүмкіндік беріледі. Жас күнімнен спортты жаныма серік еттім. Сондықтан болар, әскер қатарындағы жаттығулар мен үшін аса қиындық туғызған жоқ. Көрсеткіштерім де жаман емес. Ол үшін марапат та алдым. Әскердегі күндер – өмір мектебі. Ол кешегі ата-анасының жанында қиындық көрмеген кез келген бозбаланы ширатады, шыңдайды, өз бетінше өмір сүруге тәрбиелейді. Оған қоса, қазіргі таңда жауынгерлерге бар жағдай жасалған. Әскери өмірге толық үйрену үшін екі-үш апта, кем дегенде бір ай уақыт қажет. Бірақ нағыз мен аңсаған өмір әскерде екен. Кетуіме бір-ақ күн қалды, әрине, қуаныштымын, бірақ қимастық сезім бар. Әскерге шақырту алар алдында түрлі тексеруден өттік. Психологтың қабылдауында болғанда «Әскерге не үшін барғың келеді?» деген сұрақ болды. «Нағыз еркек болу үшін, ер адамға тән тәрбие алу үшін әскерге бару керек» деп жазып беріп едім. Кейін, неге екенін білмеймін, психолог қайтадан шақырып, «Шынымен де осылай ойлайсың ба?» деп қайта-қайта сұрады. Отан-Анасына сүйіспеншілігі мол, нағыз ер азамат міндетті түрде әскерге баруы керек. Жасы тым ұлғайып кеткен, отбасы бар, не оқып жүрген адамдар болса, түсінуге болады. Ал, әскерден қашып жүргендерге, сөзім жоқ. Иә, әскер адамды өзгертеді. Әскер деген – өзге әлем. Бір адам тәртіп бұзса, кесірі барлық сарбазға тиеді. Бір қадамды қате бассаң, тек сен үшін барлық сарбаз тапсырманы басынан бастап қайта орындауға тиіс болады. Жалғыз өз басыңды ойламай, командамен жұмыс істеуге дағдыланасың. Отан алдындағы борышын абыроймен атқарып жүрген азаматтар темірдей тәртіпке бағынып, бір жыл ішінде шарболаттай шыңдалып шығатыны жасырын емес, – дейді Азамат Базарбаев.
Қазақта «Ер ел үшін туады, ел үшін өледі» деген жақсы сөз бар. Бір әулеттің ғана емес, халықтың ұлы болу – кез келген ер азаматтың арманы. Әсілінде, Отан алдындағы борышын өтеп, әскер қатарына қосылу – нағыз азаматтықтың белгісі. Қайсарлықтың көрінісі емес пе? Мұны жүрегі қазақ деп соққан әрбір жастың түсінері анық.
Лаура МҰСАБЕКОВА,
журналист.
Жуалы ауданы
Ұқсас жаңалықтар
Ақпарат
Жамбылда заңсыз берілген жер учаскелері қайтарылды
- 25 желтоқсан, 2024
Жамбыл облысы: гранттар арқылы оң өзгерістер жасаудың жаңа мүмкіндіктері
- 25 желтоқсан, 2024
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді