
Химия, ауыл шаруашылығы, білім және банк саласында еңбек еткен Сламбек Алдабергенов биыл 85 жасқа толып отыр. Облыспен құрдас ардагер жеке кәсіпкерлікпен де айналысып, елдің дамуына өз үлесін қосқан.
– Көрген-білгенімен кейінгі жастарға оң жол нұсқап отырар қариялар – ел қазынасы. Облыс әкімі Ербол Қарашөкеевтің т апсырмасымен өзіңізді мерекемен құттықтап келдік. Еліміздің әлеуметтік-экономикалық тұрғыда дамуына еңбегіңізбен үлес қосып, зейнеттік демалысқа шыққаннан кейін де ақыл- кеңесіңізді айтып, жастар тәрбиесіне де оң ықпалыңызды тигізіп келесіз. Халыққа жасаған қызметіңізбен құрметке бөлендіңіз. Әулетіңізде ұл-қыз тәрбиелеп, өсіріп, бүгінде зейнетін көріп отырсыз. Сіздердің үлгілі жолдарыңызды кейінгі ұрпаққа берсін! Сізге денсаулық, отбасыңызға амандық тілейміз, – деді Серік Жақсылықұлы.
С.М.Киров атындағы Қазақ мемлекеттік университетінің экономика факультетін 1962 жылы бітірген Сламбек Алдабергенов қырық жыл кәсіпкерлікпен, ауыл шаруашылығымен айналысқан.
– Халықтың алғысы бәрінен де қымбат, оны сатып ала алмайсың. Тек адал қызметіңмен, кішіпейілділікпен, басқаларға көрсетер құрметіңмен келетін құндылық ол. Осыған дейін қандай іспен шұғылдансам да шынайы ықыласпен атқарып, елдің өркендеуіне титтей де болса сеп болсам деген ниетте болдым. Сондықтан болар, ісімнің береке сін көріп келемін. Кейінгі жасы кішілерге де осыны айтудан жалықпаймын,–деген қоғам қайраткері Сламбек Алдабергенов елге есендік, тыныштық тіледі.
Қамар ҚАРАСАЕВА
Ұқсас жаңалықтар
Дархан десе, дархан еді...
- 1 мамыр, 2025
«Мені ешкім, ешқашан өзге ұлт өкілі деп бөлген емес»
- 1 мамыр, 2025
Ақпарат
Тоқаев Ассамблея отырысында тіл мәселесін қозғады
- 24 сәуір, 2025
Ақсақалдар тағылымы – адам қоғамның кепілі
- 18 сәуір, 2025
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді