1-қазан Халықаралық қарттар күніне орай, облыс әкімінің бірінші орынбасары Нұржан Календеров өңірімізге сыйлы қария, Жамбыл ауданы, Жалпақтөбе ауылының тұрғыны Хаби Биболдың шаңырағында болып, мерекесімен құттықтап, сыйлықтар табыстады. Ақсақалға шапан жауып, құрмет көрсетті. «Қадірлі Хаби Сүннатұлы, сіздің Жамбыл ауданына, жастар тәрбиесіне сіңірген еңбегіңіз өте көп. Облыс басшысы Ербол Қарашөкеев өңірдің бірқатар сыйлы ақсақалдарын қарттар күнімен құттықтап, сәлемін жолдады. Олардың арасында сіздің де абыройыңыз жоғары. Ел үшін атқарған ерен еңбегіңізді білеміз, бағалаймыз. Енді ұл-қыздардың, ұрпақтарыңыздың қызығын көріңіз, өмір жасыңыз ұзақ болсын», – деді Нұржан Сәбитұлы. Өз сөзінде Хаби Бибол ақсақал облыс басшыларына шынайы алғысын білдірді. «Аянбай еңбек еттік. Партия-кеңес жұмыстарының сарбазы болдық. Елге жасаған қызметті міндетсінуге болмайды. Дегенмен, бағалап жатқандарыңызға рахмет. Еліміз тыныш, заманымыз бейбіт болсын! Жастардың болашағы жарқын болып, еңбектері елене берсін. Біз замандастарымызбен бірге жастарға қолдан келгенше ақылшы болайық», – деді қазыналы қария.
Хаби Сүннатұлы жоғары мамандығын алған соң еңбек жолын Меркі ауданындағы бұрынғы Калинин атындағы орта мектепте мұғалім болып бастаған. Мұнан соң Жамбыл аудандық білім бөлімінің инстпекторы, облыстық атқару комитетінің нұсқаушысы, Жамбыл аудандық партия комитетінің үгіт- насихат бөлімінің меңгерушісі қызметтерін атқарған. Кейіннен аталған аудандағы бұрынғы «Қызыл октябрь» ұжымшарында партия комитетінің хатшысы болып, аудандық тілдерді дамыту бөліміне басшылық жасады. 1996- 2004 жылдары Жамбыл ауданы, Полатқосшы ауылдық округі әкімінің орынбасары қызметтерін атқарып, құрметті еңбек демалысына шықты. Зейнетке шыққаннан кейін де қарап отырмай, облыстық ардагерлер кеңесінде, облыстық қоғамдық кеңе сте жауапты жұмыстарды жемісті атқарды. Қазіргі таңда 85 жаста. Ұл-қыздарынан немере, шөбере сүйіп отыр.
Есет ДОСАЛЫ
Ұқсас жаңалықтар
Жаңа жыл Қазақ еліне құт әкелсін!
- 31 желтоқсан, 2024
Елге тағылымы да, табысы да мол болсын!
- 31 желтоқсан, 2024
Ақпарат
Білім беру ошағы пайдалануға берілді
- 31 желтоқсан, 2024
Жазасын өтеушілер бұқаралық спорт түрлерінен сынға түсті
- 30 желтоқсан, 2024
«Таза Қазақстан – біздің қолымызда» атты дөңгелек үстел өтті
- 27 желтоқсан, 2024
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді