Жиынды «ТаразКожОбувь» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі бас директорының орынбасары Шамухтар Шаюнусов ашып, кәсіпорынның әлеуеті туралы кеңірек мәлімдеп, жұмыс барысымен таныстырды. Алпыс жылдан бері жұмыс істеп келе жатқан жеңіл өнеркәсіп ошағында бүгінде 200-ден аса қызметкер бар. Басқосу барысында фабриканың көп жылдық табысты жұмыс тәжірибесі, жеткілікті өндірістік және кадрлық әлеуеті, заманауи және қажетті түрлі мақсаттағы аяқ киім шығаруға мүмкіндік беретін дамыған инфрақұрылымы бар екендігі айтылды.
Кездесу барысында сөз алған облыстық мәслихат депутаты, «Байтақ» жасылдар партиясы облыстық филиалының төрағасы Серік Қойбақов өңірдің экономикалық дамуына үлес қосып жүрген отандық кәсіпорын қызметкерлерін Еңбек күні мерекесімен құттықтап, жұмыстарына сәттілік тіледі.
– Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев биылғы Қазақстан халқына арнаған Жолдауында келесі 2025 жылды «Жұмысшы мамандықтары жылы» деп жариялады. Бұл өз кезегінде қоғамда еңбекқор және нағыз маман болу идеясын кеңінен насихаттауға мол мүмкіндік бермек. Өңіріміздегі жүзеге асырылып жатқан игі жұмыстардың барлығы ең алдымен сіздердің қажырлы еңбектеріңіздің арқасы, – деді Серік Мамыртайұлы.
Сондай-ақ, облыстық ақпарат және қоғамдық даму басқармасы «Қоғамдық келісім» мекемесі басшысының орынбасары Сәуле Досымбекқызы, облыстық мәслихат депутаты, «Ахыска» түрік этномәдени бірлестігінің облыстық филиалы қоғамдық бірлестігі төрағасының орынбасары Жалил Аббосов, «Днепро» украин мәдени орталығы» қоғамдық бірлестігінің төрағасы Федор Клименко да еңбеккерлерге мерекелік жылы лебіздерін жеткізіп, еңбектері үшін шынайы алғыс білдірді.
Шара барысында талай жылғы қажырлы еңбегі үшін кәсіпорын қызметкерлері Шырынкүл Жүсіпәлиева, Константин Екель, Бұлбұл Сембиева, Сергей Бажин және кәсіпорынның бас директорының орынбасары Шамухтар Қарабайұлы арнайы марапатқа ие болды.
Марат ҚҰЛИБАЕВ
Ұқсас жаңалықтар
Әскери-патриоттық тәрбие қашанда қажет
- 28 қараша, 2024
Ақпарат
«Әйелдер көшбасшылығы» тақырыбында семинар өтті
- 28 қараша, 2024
Адвокаттық сауалдан бас тартудың салдары қандай?
- 26 қараша, 2024
IQanat – жарқын болашаққа бастайтын жоба
- 28 қазан, 2024
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді