Ал, орталық стадионда киіз үйлер тігіліп, қолөнер шеберлерінің көрмелері халық назарына ұсынылып, тұрғындар түрлі спорттық көріністердің куәсі болды. Өз сөзінде аудан әкімі Жорабек Баубеков мемлекет дамуында мәдениет пен руханияттың рөлі ерекше екендігіне баса мән беріп өтті.
– Қай кезеңде де, қай елде болмасын мәдениет пен өнер – халықтың рухани болмысының айнасы, бағдарлы болашағының бастауы. Жеке адамның, ұжым мен қоғамның, мемлекеттің мәдениеті жоғары болса, еңсесі биік, рухы асқақ болмақ. Тәуелсіздігіне тәубе етіп, Мәңгілік ел болуды мұрат тұтқан халқымыздың рухани бай дүниесінің өлшемі мен өресі де осы мәдениет пен өнер шоқтығында жатыр. Мемлекет басшысы өз Жолдауларында мәдениет пен өнерді дамыту мемлекетіміз үшін негізгі басымдықтың бірі саналатынын жеткізді. Мәдениет пен өнер – ел өміріндегі өте маңызды сала. Өнер – ұлттың жаны, ал мәдениет – рухани келбеті. Бұл қос құндылықты өркениетіміздің өзегі деуге болады. Оны сақтап, байыта түсу – ортақ парыз, – деді Жорабек Нұрмергенұлы.
Мәдени іс-шара әрі қарай «Мәдениет – асыл қазынам» атты концерттік бағдарламаға ұласты. Думанды кеште аудан өнерпаздары және өңірден шыққан өнер қайраткерлері, яғни Қазақстанның халық артисі Алтынбек Қоразбаев, Қазақстанның еңбек сіңірген артисі Бағдат Сәмединова және республикаға танымал өнерпаздар Оңал Азаматова, Бағлан Бәбіжан, Наурыз Құлданов пен Болатхан Назымгүл, Асыл Жомартов, Данияр Жақсылықов, Біржан Байбол, Дильназ Бердалиевалар өнер көрсетті. Концерттік бағдарламадан кейін мерекелік кеш қонақтары ауданда орналасқан Тұрар Рысқұловтың музей-үйімен танысты.
Нұрболат АМАНБЕК
Меркі ауданы
Ұқсас жаңалықтар
Ақпарат
Қаратау қаласында биыл 17 балалар ойын алаңшасы ел игілігіне берілді
- 6 желтоқсан, 2024
«Әйелдер көшбасшылығы» тақырыбында семинар өтті
- 28 қараша, 2024
Адвокаттық сауалдан бас тартудың салдары қандай?
- 26 қараша, 2024
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді