Әдеттегі «Самсунг» компаниясының үйге көмекші құрал ретінде шығарған «Балли» роботы үй жануарларын күзетіп, тамақтандырады. Түрлі сұрақтарға жауап беріп, сізге хабарлама да жібере алады. Сүйкімді дөңгелек роботтың басты ерекшелігі бірнеше рет ауыстырылатын проекторында. Ол сіз қалаған сәтте кез келген бейне қоңырауды, жаттығуларды, тіпті тоңазытқыштың ішін анық көрсетеді.
«Астро» – э краны бар шағын қозғалатын робот. Негізгі қызметі – үйді бақылау және отбасы мүшелерімен байланыста болу Ол өздігінен еркін қозға лыс жасайды. Сондай-ақ, арнайы қолданбалары арқылы тікелей эфирде не болып жатқанын көруге, қарт кісілерге көмектесуге әбден болады.
«Оро-ит серігі роботы» арнайы иелері жоқ иттерге әзірленген. Бұл құрылғы иттердің жеке мінез-құлқын анықтап, оларды қоршаған ортаға бейімдейді. Керек десеңіз, Ороның ішінде жануарлардың тамақ ішуін қадағалайтын өзгеше бағдарлама бар екен.
Кішкентайларға тәрбиеші әрі тәлімгер «Макси» роботы әртүрлі пәндерден сабақ береді. Дәл осындай ойыншықтар әр баланың жеке қажеттілігін қамтамасыз етуден бөлек көң іл-күй лерін көтереді. Демек, әр баланың стреске түсу деңгейі төмендейді деген сөз. Көп жағдайда ата-аналар бүлдіршіндерінің дамуын бақылау үшін осы роботты пайдаланады екен.
«Матик» – үйді тазалауға және WiFi, Bluetooth, бет әлпетті тану секілді жұмыстарды атқаруға бейімделген құрылғы. Робот үйіңізді өзі аралап жүріп шаңсорғыштың қызметіне кіріседі. Ал, жол бойы адасып қалмайтынының себебі 3D картасын қолданады.
Әсем АСЫЛБЕК,
М.Х.Дулати атындағы Тараз өңірлік университеті журналистика мамандығының 3-курс студенті.
Ұқсас жаңалықтар
Бақылаушы болу – жауапкершілігі мол міндет
- 4 қазан, 2024
Жастар - халқымыздың болашағы
- 3 қазан, 2024
Ақпарат
АЭС салсақ - электр энергиясын экспорттаймыз
- 22 қыркүйек, 2024
Қазір қолдағы телефонға да қуат керек заман - Қадырбеков
- 22 қыркүйек, 2024
Алматылық қос азаматтың жазасы жеңілдетілді
- 30 тамыз, 2024
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді