1 қазаннан бастап облыс әкімінің тапсырмасы бойынша жылыту маусымын бастау туралы шешім қабылданғаны белгілі.
Энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы басқармасының мәліметтеріне сүйенсек, жылу беру маусымына, оның ішінде биылғы жыл бойынша облысымызға 206,1 мың тонна көмір көлемі есептеліп отыр. Ал бүгінгі күнге дейін оның 83,3 мың тоннасы жеткізілген.
Басқарма басшысы орынбасарының айтуы бойынша, бюджеттік ұйымдарға жалпы жоспарланған 61,3 мың тонна көмірдің 43,5 (71 пайыз) мың тоннасы сатып алынып, автономды қазандықтар көмір отынымен қамтылған.
Олардың ішінде, білім нысандарына 36,7 мың тонна, денсаулық сақтау нысандарына 3,2 мың тонна, мәдениет нысандарына 2,7 мың тонна, спорт нысандарына 880 тонна көмір жеткізілген. Қалған 17,8 мың тонна көмір осы айдың аяғына дейін жеткізіледі деп күтілуде. Жалпы, жылыту маусымына облыс тұрғындары үшін 144,8 мың тонна көмір жоспарланып, жеткізу кестесі әзірленген.
Өткен жылмен салыстырғанда облыстың көмір тұтыну көлемі 5,1 мың тоннаға төмендеген. Бұл көрсеткіш 2023 жылғы газдандырылған 11 елді мекеннің нәтижесімен қалыптасып отыр.
«Көмір отынын ағымдағы жылдың мамыр айынан келесі жылдың сәуір айына дейін қамту жоспарланған.Мамыр айынан бүгінгі күнге дейін тұрғындарға жалпы 39,8 мың тонна көмір жеткізілді. 20 қыркүйек пен 1 сәуір айларындағы жоспар 105 мың тонна болып жасақталған. Жоспардың орындалуы «ҚТЖ – Жүк тасымалы» АҚ-мен бірлесе атқарылып келеді.
Сонымен қатар, республика деңгейінде ҚР Өнеркәсіп және құрылыс министрлігінің Индустриалды дамыту комитетінің төрағалығымен күнделікті таңғы 08:00-де жедел штаб өткізіліп келеді. Штабта жергілікті атқарушы органдар, көмір разрездері, өңірлік операторлар мен теміржол саласының қызметкерлері қатысып, көмірмен қамтамасыз ету мәселелері талқылануда», – дейді Еркін Оразұлы.
Бұдан бөлек, жылыту маусымы кезінде көмір бағасын тұрақтандыру үшін жергілікті әкімдіктер мен көмір сатушылар арасында келісім жасалатын болады. Ал, мамандар 2024-2025 жылдардағы жылыту маусымына бюджеттік ұйымдар мен тұрғындарды көмірмен қамтамасыз ету мәселесі тұрақты бақылауда ұстайтындарын айтты.
Назерке ОҢҒАР,
журналист.
Ұқсас жаңалықтар
Ақпарат
Референдумнан қордайлықтар да қалыс қалмауда
- 6 қазан, 2024
АЭС салсақ - электр энергиясын экспорттаймыз
- 22 қыркүйек, 2024
Қазір қолдағы телефонға да қуат керек заман - Қадырбеков
- 22 қыркүйек, 2024
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді