Соның арқасында жұмыссыз азаматтарды жұмыспен қамту шараларымен қатар, мүмкіндігі шектеулі жандар да мемлекет қамқорлығын сезініп отыр.
Облысы әкімдігі жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының басшысы Еркін Келесовтың айтуынша, бүгінгі күні аймақта кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі ұлттық жоба аясында тиісті жұмыстар атқарылуда. «Бүгінде облыста жұмыспен қамтылған халық саны 544,5 мың адамды құрайды. Оның 362,6-сын жалдамалы жұмысшылар құраса, 181,9-ы өзін-өзі жұмыспен қамтығандар. Жұмыссыздар саны 27,2 мың адам, жұмыссыздық деңгейі 4,8 пайыз болып қалыптасып отыр. Былтыр жұмыспен қамтудың белсенді шараларына 54156 адамды тарту жоспарланса, барлығы 66202 адам (122,2%) жұмысқа орналастырылды. Сондай-ақ, былтыр «Өңірлік жұмыспен қамту картасы аясында 67968 жұмыс орны жоспарланса, жоспар 120 пайызға орындалып, барлығы 81697 жұмыс орны құрылды. Ал, биыл «Өңірлік жұмыспен қамту картасы» аясында 67 357 жұмыс орнына жоспар бекітілген, оның 50199-ы тұрақты. Есепті кезеңде барлығы 38961 жұмыс орны құрылып, 23527 адам тұрақты жұмысқа орналастырылды. Жоспар 60,4 пайызға орындалды», дейді басқарма басшысы.
Жалпы, биыл жұмыспен қамтудың белсенді шараларына барлығы 60672 адамды тарту жоспарланған. 1 тамыздағы мәлімет бойынша 39371 адам жұмысқа тартылып, жоспар 64,9 пайызды құраған.
– Биыл атаулы әлеуметтік көмекпен 55423 адамды қамту жоспарланып, оларға 4,8 миллиард теңге қаржы қарастырылған. Атап айтсақ, 1 тамыздағы мәлімет бойынша атаулы әлеуметтік көмек 5378 отбасындағы 28818 адамға 1744,7 миллион теңге тағайындалып, 5247 отбасындағы 28085 адамға 1584,7 миллион теңге төленді. Өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда көмек алушылар саны 1790 отбасына немесе 9220 адамға азайды. Барлығы 3924 отбасымен (22789 адам) әлеуметтік келісім-шарт жасалынған. Жалпы еңбекке қабілетті 6614 адам, оның ішінде: ресми жұмыссыздар – 275; жүгіну кезінде жұмысы барлар – 3815; бала, 1,2 топтағы мүгедектердің, мүгедек балалардың, қарттардың күтімінде отырғандар – 2524. Жұмыспен қамтудың белсенді шараларына 1 325 адам тартылып отыр, оның ішінде тұрақты жұмыс орындарына 900 адам, ақылы қоғамдық жұмысқа 259 адам, әлеуметтік жұмыс орындарына 100, қайта даярлауға 33 адам, жастар практикасына 10 адам, кәсіпкерлік бастамаларды ілгерілетуге 23 адам тартылды, – дейді Еркін Егембердіұлы.
Еңбекке қабілетті атаулы әлеуметтік көмек алушылардың, жұмыспен қамтылғандардың және жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің белсенді шараларына тартылғандардың үлес салмағы жылдық жоспар 83 пайыз болса, орындалуы 77,7 пайызды құрап отыр. АӘК алушы отбасылардағы 1 жастан 6 жасқа дейінгі әрбір балаға қоса алғанда ай сайынғы қосымша төлемге 980,7 миллион теңге қаржы қарастырылып, 15786 баланы қамту жоспарланған. Бүгінгі күні 9041 балаға 258,2 миллион теңге тағайындалып, 8713 балаға 233,6 миллион теңге төленген.
Мүгедектігі бар азаматтарға әлеуметтік қолдау көрсету мемлекеттің қастерлі борышы және әлеуметтік саясаттың басым бағыттарының бірі болып табылады. Осы орайда Президент «Әділетті мемлекет. Біртұтас ұлт. Берекелі қоғам» атты өз Жолдауында: «Әлеуметтік жағынан әлсіз топтағы азаматтарға қолдау көрсетеміз. Мүмкіндігі шектеулі жандарға да көмектесеміз», – деп атап өткен болатын. Бұл бағытта облыс әкімдігінің жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы тарапынан да тиісті жұмыстар жүзеге асырылуда.
«Бүгінгі таңда облыста 45651 мүгедектігі бар адам тіркелген. Оның ішінде 1-ші топтағы – 4564 адам, 2-ші топ - 16593, 3-ші топ – 17642 адам, 18 жасқа дейінгі мүгедектер саны – 6852 адам бар. Өткен жылы әлеуметтік қызметтер ұсыну порталында мүмкіндігі шектеулі азаматтардың жеке абилитациялау және оңалту бағдарламаларының орындалуы 97,9 пайызды құрады. Порталда 27089 өтініш тіркеліп, 26512 өтініш қанағаттандырылды. Ал биыл мүгедектігі бар адамдардың жеке абилитациялау және оңалту бағдарламаларына (сурдо-тифло құралдар, санаторлық-курорттық және протез-ортопедиялық бұйымдар, кресло-арбалар) бюджеттен 4,3 миллиард теңге қаржы бөлінген. Сонымен қатар, әлеуметтік қызметтерге 2,2 миллиард теңге бөлінді. 7 айда әлеуметтік қызметтер ұсыну порталында мүмкіндігі шектеулі азаматтардың жеке оңалту бағдарламаларының орындалуы 82,7 пайызды құрап отыр (республикада орташа көрсеткіш – 74,3 пайыз). Яғни, порталға тіркелген 21249 өтініштің, 17566-і қанағаттандырылды», – дейді Еркін Егембердіұлы.
Басқарманың сан салалы жұмысының негізгі бағыттарының бірі – мүгедектігі бар адамдарды әлеуметтік оңалту шараларымен қамтамасыз ету. Яғни, мүгедектігі бар адамдардың тіршілік-тынысының шектелуін жеңіп шығуы үшін жағдай туғызуға, олардың әлеуметтік мәртебесін қалпына келтіруге, әлеуметтік-тұрмыстық және ортаға бейімделуіне бағытталған шаралар кешенін жүзеге асыру болып табылады.
Мүгедектігі бар адамдардың өзін-өзі қарап-күтуіне, өз бетімен өмір сүру мүмкіндігіне қол жеткізуіне немесе олардың отбасылық және қоғамдық өмірдің үйреншікті жағдайларына қайта оралуына жағдай жасауда арнайы оңалту құралдарының алатын орны ерекше екені даусыз.
Бүгінгі таңда мүгедектігі бар адамдарды қажетті арнайы оңалту құралдарымен және арнаулы әлеуметтік қызметтермен қамтамасыз ету жұмыстары автоматтандырылған түрде Әлеуметтік қызметтер порталы ақпараттық жүйесі арқылы жүргізіледі.
Жалпы, былтыр басқармаға қарасты 21 медициналық-әлеуметтік мекемелерде 2098 адамға арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсетілсе, биыл 1928 адам тиісті қызмет алған. Мемлекеттің ерекше жандарға қоғамда тең мүмкіндіктер жасау саясатын өз құзіреті шегінде жүзеге асыру басқарманың басты міндеті болып қала бермек. Бұл бағыттағы жұмыстардың шарапатын қызмет ұсынылатын әрбір азамат сезінуде.
Марат ҚҰЛИБАЕВ
Ұқсас жаңалықтар
Мемлекеттік қызметшінің Әдеп кодексін сақтау
- 19 желтоқсан, 2024
Даңғазалық па, мақтангершілік пе?
- 19 желтоқсан, 2024
Ақпарат
Қаратау қаласында биыл 17 балалар ойын алаңшасы ел игілігіне берілді
- 6 желтоқсан, 2024
«Әйелдер көшбасшылығы» тақырыбында семинар өтті
- 28 қараша, 2024
Адвокаттық сауалдан бас тартудың салдары қандай?
- 26 қараша, 2024
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді