«Жас ұстаз: табысқа апарар жол» – білім беру саласының жаңа бренді
- author «Ақ жол»
- 26 тамыз, 2024
- 1.6k
Форумға Жамбыл облысының ауыл мектептерінен 8 жас педагог жолдама алып, тәжірибе алмасып қайтты. Форумның салтанатты ашылуында Оқу-ағарту бірінші вице-министрі Наталья Жұмаділдаева, «Назарбаев Зияткерлік мектептері» ДББҰ Басқарма төрағасы Әнуар Жанғозин, Esen Foundation қорының өкілі, ПШО серіктесі Камила Башарова мұғалім мамандығының миссиясы – Қазақстанның болашақ ұрпағына тәлім - тәрбие беру құндылықтарына ерекше тоқталды.
Еліміздің бас мұғалімі Ғани Бейсембаевпен ашық әңгіме форумның ең жарқын сәтіне айналды. Бейресми форматта өткен жиында педагогтер министрге өздерінің сұрақтарын қойып, білім саласындағы маңызды мәселелер бойынша пікір алмасты. Форумның мотивациялық спикерлері Арнұр Ысқақов, Аралбек Берікұлы, Мехрон Ортиков, Эрлан Сатаров, білім беру сарапшысы Лаура Вайгорова жеңіс пен жетістік құпияларымен бөлісті. Әлеуметтік инноваторлар қауымдастығының президенті, ҚР Президенті жанындағы Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің мүшесі Эмин Аскеров табысқа жетудің тамаша үлгісі болды.
Форум жұмысының екінші күні «Әр сабақты қалай ерекше етуге болады: менің тәжірибем», «EDUNEXT: болашақтағы цифрлық білім» тағы басқа шеберлік сағаттарын жас мұғалімдердің өздері өткізді. Ауылдық мектептердің жас мұғалімдері өз әріптестеріне ең үздік тәжірибелерін ұсынды. Жасанды интеллект мұғалімге көмектесуге қабілетті ме? Ол мұғалім үшін қандай жаңа мүмкіндіктер мен перспективаларды аша алады? Осы мәселелер жан-жақты талқыланды.
Педагогикалық шеберлік орталығының директоры Жанбота Кабдыкаримова екі күндік форум жас мамандарды шабыттандырып қана қоймай, жаңа білім беріп, жаңа тәжірибе көрсетіп, жаңа дағдыларға үйреткендігін ерекше атап өтті.
«Жас ұстаз» – еліміздің білім беру саласының жаңа брендіне айналды.
Гульмира ТОРТАЕВА,
«НЗМ» ДББҰ Педагогикалық
шеберлік орталығы
Тараз қаласындағы филиалының
директоры
Ұқсас жаңалықтар
Дәріханалардағы дәрі бағасы бір түнде өскені ме?
- 4 желтоқсан, 2025
ЖИ-ді іске асыруда жастардың рөлі ерекше
- 4 желтоқсан, 2025
Ақпарат
Шаруалардың маңдай тері ақталатын күн жақын
- 25 қыркүйек, 2025
Әлемде транзит үшін бәсеке күшейіп бара жатыр – Тоқаев
- 8 қыркүйек, 2025
Цифрландыру пойыздың кешікпеуіне көмектесе ме?
- 21 тамыз, 2025
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




