Осы айтулы күнге орай, облыс әкімі Ербол Қарашөкеевтің қатысуымен бір топ зиялы қауым өкілдері, еңбек ардагерлері мен тараздықтар облыс орталығындағы Д.Қонаевтың атындағы көше бойында орналасқан ескерткішке гүл шоқтарын қойып, рухына тағзым етті. Бұл күні жиналған көпшілік есімі аңызға айналған азаматты туған халқы ешқашан ұмытпайтынын жеткізіп, алдыңғы буын өкілдері оның еліміздің әлеуметтік-экономикалық, ғылыми әлеуетін дамытуға қосқан үлесі мен кісілік келбеті жайлы естеліктерімен бөлісті.
– Бүгінде менің кабинетімде ерекше сурет бар. Ол – Қонаевтың портреті. Жалпы, бұл кісіге деген құрметім айрықша. Димекең ел басқарып тұрған жылдары ауылшаруашылық, өнеркәсіп, көлік, байланыс саласы өркендеп дамыды. Сондай-ақ, халыққа білім беру, медицина, тұрмыстық қызмет көрсету саласы арта түсті. Бұған дейін белгілі тұлғаның ғибратты ғұмыры жөнінде мектеп оқулықтарында жазылып, оның өмірі өскелең ұрпаққа етене таныс болсын деген бастама көтерген едік. Бүгінгі таңда ұсынымыз қолдау тапты. Бұйырса, келер жылдан бастап Димекең жөнінде ақпарат мектеп оқулықтарына енеді, – деді Тараз қалалық қоғамдық кеңестің төрағасы Сембек Сейдазимов.
Бүгінгі таңда елімізде Дінмұхамед Қонаевтың есімін есте қалдыру мақсатында көптеген игі іс-шаралар атқарылуда. Мемлекет басшысының Жарлығымен екі жыл бұрын Қапшағай қаласына Қонаевтың есімі берілген еді. Шын мәнінде, бұл – ұлы тұлғаның елге сіңірген қызметіне, осынау шағын шаһардың негізін салушы ретінде еңбегіне берілген лайықты баға. Сондай-ақ, жыл сайын өңір-өңірлерде тұрақты түрде өтетін ғылыми-практикалық конференциялар, ауқымды түрлі іс-шараларда қайраткердің есімі өз халқымен бірге жасай беретіндігінің айқын дәлелі. Сондықтан да туған елінің Дінмұхамед Қонаев есімін ұлықтап, еске алып тұруы да заңдылық.
«Aq jol»-Aqparat.
Ұқсас жаңалықтар
Басты міндет – экономикалық өсімді қамтамасыз ету
- 26 желтоқсан, 2024
Президенттің балаларға ерекше құрметі
- 26 желтоқсан, 2024
Ақпарат
Жамбылда заңсыз берілген жер учаскелері қайтарылды
- 25 желтоқсан, 2024
Жамбыл облысы: гранттар арқылы оң өзгерістер жасаудың жаңа мүмкіндіктері
- 25 желтоқсан, 2024
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді