Облыстық білім басқармасы, ата-аналар комитеті, ювеналды полиция тобы, жергілікті полиция бөлімі, полиция департаменті бірлесіп ұйымдастырған шараға аудандар мен Тараз қалалық ата-аналар комитеттерінің өкілдері, аудандық білім бөлімінің тәрбие әдіскерлері қатысты. Іс-шараның кіріспе сөзін облыстық білім беру сапасын қамтамасыз ету басқармасының басшысы Мұхит Нысанбаев алып, өңірдегі мектептердің жаңа оқу жылына әзірлігін атап, бала мен ата-ананың қарым-қатынасы және мектеп пен ата-ананың байланысына өлшеусіз үлес қосып келе жатқан бірлестік жұмысына сәттілік тіледі. Облыстық ата-аналар комитетінің төрағасы Ринат Нұрақбаев ұрпақ тәрбиесі баршаға ортақ міндет екендігін жеткізді. Ал, басқосуға арнайы қатысқан облыс әкімдігі білім басқармасының бөлім басшысы Гүлзира Дарибаева әріптестеріне тиісті нұсқау беріп, семинар жұмысына сәттілік тіледі. Өз кезегінде полиция майоры Әлішер Қалышев «Баланың бөтені болмас» тақырыбы аясында үйден мектепке дейінгі қауіпсіздік шаралары жайлы кеңінен баяндады. Ол өз сөзінде Мемлекет басшысы және Ішкі істер министрлігінің тапсырмасын орындау мақсатында жасөспірімдер арасында қылмыстардың алдын алу, оқушылар мен студенттердің қоғамдық тәртіпті бұзу деректерін анықтап, олармен жүргізілетін профилактикалық бағыттағы жұмыстарды жүргізу мақсатында облыс аумағында орналасқан 506 мектеп пен 42 колледжге 561 полиция қызметкері бекітілгенін айтты.
– Балалар тәрбиесінде бірінші жанұя, ата-анасы және қоршаған ортасы маңызды рөл атқарады. Заман көші алға озған сайын жасөспірімдер тарапынан заңбұзушылық пен қылмыстың алдын алуға бағытталған профилактикалық іс-шаралар айрықша мән-мағынаға ие болып отыр. Қылмыс деректеріне сараптама жасасақ, кейбір ата-аналар бала тәрбиесінде көптеген кемшіліктер жібереді. Яғни, қазіргі заманның талабына сай, баласына киім әперу, қымбат ұялы телефондармен, керекті жабдықтармен қамтамасыз еттім, тәрбие деген осы деп ойлайды, олармен бос уақыттарында сұхбаттасу, араласып жүрген достарының кім екенін білу, бірге серуендеу, баласының ой-пікірін білу деген қағидаларды ұстанбай, өз ата-аналық парыздарын толығымен орындамайды. Сондықтан ата-аналарды баланың жеке басын тәрбиелеуге шақырып, ұлттық салт-дәстүрлерді айта отырып, жаңа оқу жылының басталуымен ата-ана, білімгерлер, оқушылардың жиналыстарын тұрақты түрде өткізуіміз керек. Сонымен қатар, сабаққа қатыспаған балалардың не себептен қатыспайтынына көңіл бөлуіміз қажет, – дейді Әлішер Қалышев.
Ал, денсаулық сақтау саласының маманы Әйгерім Нәбиева салауатты өмір салты турасында ақпарат берді. Облыс әкімдігі білім басқармасының психологиялық қолдау орталығының директоры Ришат Еркінұлы қаржылық сауаттылық жөнінде мәлімет беріп, ата - аналармен тимбилдинг өткізді. Ал, психолог-педагог Әйгерім Исмаилова эмоционалды интеллект жайлы баяндама оқып, қатысушылармен жаттығу жасады. «Сенімен болашақ» РҚБ облыстық филиалының психологы Шолпан Рахымбердиева бала уақытын тиімді пайдалану жөнінде ақпарат берді. Шара соңында қатысушыларға сертификаттар табысталды.
Арайлы ЖАҚСЫЛЫҚ
Ұқсас жаңалықтар
Басты міндет – экономикалық өсімді қамтамасыз ету
- Бүгін, 01:47
Президенттің балаларға ерекше құрметі
- Бүгін, 01:40
Ақпарат
Жамбылда заңсыз берілген жер учаскелері қайтарылды
- 25 желтоқсан, 2024
Жамбыл облысы: гранттар арқылы оң өзгерістер жасаудың жаңа мүмкіндіктері
- 25 желтоқсан, 2024
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді