Білімге бөлінген қаржы – болашаққа салынған инвестиция
- author «Ақ жол»
- 20 тамыз, 2024
- 792
Облыс әкімі Ербол Қарашөкеев білім қызметкерлерімен өткен кеңесте биыл өңірдің білім саласына бөлінген қаржы облыс бюджетінің 50 пайызынан асатынын айтқан еді.
– Адамзаттың ақыл-ойын тудырған ғылыми жетістіктің ел игілігіне жарауы үшін білімнің маңызы зор. Егер ұрпағымызға сапалы білім мен саналы тәрбие дәнін еге білсек, болашағымыз жарқын болары анық. Саладағы инфрақұрылымды жетілдіру өте маңызды. Ағымдағы жылы 41 білім нысанының құрылысын жүргізуге қаржы қарастырылды. Жыл соңына дейін 15 мектеп пен 4 мектептің жапсарлас құрылысы аяқталады, 2025 жылы 22 нысанның құрылысы бітеді. Келесі жылы аяқталатын құрылыстың 11-і мектеп болса, оның бесеуі Жайлы мектеп және 11 нысан мектепке жапсарлас құрылыстар. Бұған қоса, 4,3 миллиард теңгеге 10 білім беру нысаны күрделі жөндеуден өтуде. Оның 9-ы мектеп, біреуі мектептен тыс мекеме. Сондай-ақ, білім беру мекемелерін материалдық-техникалық жабдықтармен қамтамасыз етуге 1,9 миллиард теңге қаржы қаралды, – деген аймақ басшысы Ербол Шырақпайұлы әлеуметтік осал отбасылардан шыққан балаларды тегін тамақпен қамтамасыз етуді жалғастыру үшін биыл жергілікті бюджеттен 635,2 миллион теңге бөлінгенін де атап өтті.
Алдағы жаңа оқу жылына дайындықты пысықтап, бұған дейін кездескен мәселелерді талқылайтын білім қызметкерлерінің Тамыз кеңесінде «Орта білім беретін үздік ұйым-2024» грантын иеленген Меркі ауданындағы Т.Қожакеев атындағы №39 мектеп-гимназиясына 68 миллион теңгенің сертификаты берілді. Ал, «Колледждер-лигасының» жеңімпазы Жамбыл инновациялық жоғары колледжіне 10 миллион теңгенің, «Білім беру ұйымдары қызметтерінің тиімділігін бағалау» рейтингісінің нәтижесінде ең жоғары көрсеткішке ие болған 6 білім беру ұйымы түрлі номинациялармен марапатталып, ақшалай 1 миллион теңгенің сертификатына ие болды. Республикалық «Үздік педагог» байқауында 7 бірдей мұғалімі «Үздік педагог» атанған облыстық дарынды балаларға арналған мамандандырылған «Дарын» лицей-интернатының ұжымы «Үздік педагогтер шеберханасы» номинациясымен марапатталып, ақшалай 500 мың теңгенің сертификатын алды. Бұдан бөлек, «Мектепке дейінгі білім беру ұйымдары қызметтерінің тиімділігін бағалау» рейтингісінің нәтижесінде ең жоғары көрсеткіштен көрінген 3 мектепке дейінгі білім беру ұйымдары 500 мың теңгенің сертификатымен марапатталды.
Мұның бәрі де балаларды білімді де өнегелі тұлға етіп тәрбиелеуге жасалған қолдау екені сөзсіз. Жасөспірімдердің заман талабына сай сауаттанып, озық технологияларды меңгеріп, оң бағытта тәрбиеленуіне мемлекет тарапынан жасалып жатқан қамқорлық мұнымен шектелмесі анық. Оның жемісін түрлі білім бәйгелерінде, өнер додаларында топ жарып жүрген шәкірттер көрсетіп те жүр.
Қамар ҚАРАСАЕВА
Ұқсас жаңалықтар
Балаларға ерекше көңіл-күй сыйлады
- 26 желтоқсан, 2024
Басты міндет – экономикалық өсімді қамтамасыз ету
- 26 желтоқсан, 2024
Ақпарат
Жамбылда заңсыз берілген жер учаскелері қайтарылды
- 25 желтоқсан, 2024
Жамбыл облысы: гранттар арқылы оң өзгерістер жасаудың жаңа мүмкіндіктері
- 25 желтоқсан, 2024
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді