Ол кісі жайлы жақсы естелік, жылы сөз айтушылар көп. Біздер атамыздың артына ұлағатты із қалдырып кеткеніне шүкіршілік етеміз. Ақсақалдың ұлағатты өмір жолы өнегеге толы. Нұрмахан Тілегенов 1942 жылы дүниеге келген. Ол – ғалым-зоотехник. Сондай-ақ, жоғары білікті ауыл шаруашылығын ұйымдастырушы-экономист.
Еңбек жолын кеңшарлардың бірінде ферма зоотехнигі болып бастап, 1981 жылдан Жамбыл аудандық партия комитетінің бөлім меңгерушісі, аудандық ауыл шаруашылығы басқармасының бастығы қызметтерін атқарғаны – ұрпақтарына мақтаныш. Бірқатар кеңшарлардың директоры бола жүріп, өзінің іскерлігін танытқан.
1993-2005 жылдары облыстық ауыл шаруашылығы басқармасы басшысының экономика мәселелері жөніндегі орынбасары қызметін ұзақ жылдар бойы абыроймен атқарып, құрметті еңбек демалысына шыққан болатын.
Нұрмахан Тілегеновтің ерен еңбегі «Қазақстан Тәуелсіздігіне 30 жыл» мерекелік медалімен, мұнан өзге мемлекеттік үш медальмен, ҚР ауыл шаруашылығы, қайта өңдеу ұйымдары кәсіподақтары Орталық комитетінің 1 дәрежелі «Еңбек даңқы», «Облысқа сіңірген еңбегі үшін» төсбелгілерімен марапатталған. Еліміздің Тұңғыш Президентінің Алғыс хатын алған. Жұбайы Ұлбосын екеуі төрт ұл, бір қыз тәрбиелеп, олардан 15 немере, 3 жиен-немере, 3 шөбере көрді.
«Асыл адам айнымас», «Бітегене уәжім бар», «Артық болмас білгенің», балалар үшін – «Әдіптелген әліпби», «Әріптер сөйлесін», «177 жұмбақ», тек нақылдардан тұратын, қатарынан үш бірдей «Өрнекті ой мен өрелі сөз» және «Өрелі ойдың ұшқыны», «Зерделі де, зейінді ойлар» атты кітаптары жарық көрген. Бұл кітаптары туралы да біраз қаламгерлер жақсы пікір айтқан. Мәселен, Әзімхан Исабек өзінің Шымкент қаласынан шығатын «Қызмет» газетіне жазған «Қазыналы қарт жазып қойған хатпен тең» атты мақаласында Нұрмахан ақсақалдың өнегелі қасиеттерін және қаламгерлік еңбегін жан-жақты аша білген.
Жұбайы Ұлбосын апай: «Нұрмаханның елге сіңірген еңбегі үлкен. Ол қолына қалам алып біраз дүние жазып кетті. Жолдастары өте көп. Өмірден түйгенін ақсақал ретінде жас ұрпаққа бере білді. Біз ол кісіні әрқашан мақтан етеміз. Әруағына бағышталып оқылып жатқан Құран қабыл болсын. Ақсақал өмірден озған соң бағасы одан сайын биіктеп кетті. Ол кісіні іздеп келген, көңіл айтқан жұртта есеп болған жоқ. Сондықтан Нұрмаханды мағыналы да мазмұнды өмір сүрген ақсақал деп білемін. Ол отбасымызға да өте жайлы, шуақты болды. Жаны жәннатта болсын», – дейді.
Өмірін ұлағатты істермен өткізген Нұрмахан Тілегенов атамыздың жатқан жері жайлы, жаны жәннатта болғай! Атаның асыл ісін ұрпақтары жалғай берер. Нұрмахан атаны үнемі сағынышпен еске алып, жақсы істерін ешқашан ұмытпаймыз.
Сағынышпен еске алушылар:
жұбайы – Ұлбосын, ұлдары –Мұхтар,
Жандар, Дәурен, қызы – Шынар,
келіндері, күйеу баласы
және немере-шөберелері
Ұқсас жаңалықтар
Басты міндет – экономикалық өсімді қамтамасыз ету
- Бүгін, 01:47
Президенттің балаларға ерекше құрметі
- Бүгін, 01:40
Ақпарат
Жамбылда заңсыз берілген жер учаскелері қайтарылды
- 25 желтоқсан, 2024
Жамбыл облысы: гранттар арқылы оң өзгерістер жасаудың жаңа мүмкіндіктері
- 25 желтоқсан, 2024
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді