Өскелең ұрпаққа өз еліне деген махаббатты арттыруды көздеген жылжымалы концерт «Туған жерім – дархан далам» атауымен ауданның барлық ауылдарында өтті.
– Биыл облысымыздың құрылғанына 85 жыл толады. Осыған орай, М.Өзбеков атындағы аудандық мәдениет үйінің көркемөнерпаздары елді мекендерді аралауда. Ауыл тұрғындарына көңілді кеш сыйлап, елді мекендерді әсем әуенмен тербеді. Ілкімді іс-шара Қарақыстақ ауылынан бастау алып, әр ауылда ән мен күйден шаттық шашылды. Жылжымалы концертіміз әлі де жалғасып жатыр, – дейді аудандық Мәдениет үйі директорының орынбасары Жадыра Жұмағұлова.
Аудандық мәдениет үйі балалардың жазғы демалысын тиімді пайдалану мақсатында ауылдық мәдениет үйлері жанынан құрылған үйірме жұмыстарының есептік концертін де ұйымдастырды. Жылдық жоспарына сәйкес, кешенді шара Көкдөнен ауылдық мәдениет үйі жанынан құралған «Іңкәр» би үйірмесінің есептік концертімен басталған. Құмарық ауылындағы «Балауса», Ақбұлақтағы «Алау» би үйірмесі, Қайынды ауылдық клубының «Сырғалым» би үйірмелерінің есептік концерттері де көңілді өткен.
Белгіленген жоспарға қарай барлық ауылдық мәдениет үйі жанынан құрылған үйірме жұмыстарының есептік концерті жалғасын таппақ. Бұл ауыл кештерін ажарландырумен қатар, жас жеткіншектерді өнер арқылы жасампаздыққа, мейірімге тәрбиелейді. Аталған бағыттағы жұмыстар түрлі форматта жалғаса береді дейді ұйымдастырушылар.
Т.Рысқұлов ауданы
Ұқсас жаңалықтар
Ақпарат
IQanat – жарқын болашаққа бастайтын жоба
- 28 қазан, 2024
Референдумнан қордайлықтар да қалыс қалмауда
- 6 қазан, 2024
АЭС салсақ - электр энергиясын экспорттаймыз
- 22 қыркүйек, 2024
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді