Бұл ретте тарихи фильмдер арқылы жастардың бойында ұлттық сананы және тарихи білімді қалыптастыру – басты мақсат. Тараз қаласындағы NBSкy Cinema антикинотеатрына жиналған үш жүзге жуық жас белгілі режиссер Ақан Сатаевтың «Жаужүрек мың бала» атты көркем драмалық фильмін тамашалады.
Сонымен қатар, Шу аудандық «Жастар ресурстық орталығының» ұйымдастыруымен ашық аспан астында танымал режиссер Рүстем Әбдірашевтың «Қазақ хандығы. Алтын тақ» атты фильмін тамашалады. Кинокөрсетілім соңында жастар фильм туралы керемет ойларымен бөлісті. «Осындай отандық фильмдердің мәні өте жоғары.
Ашық аспан астында тарихи туындылардың көрсетілуі құптарлық іс» дейді белсенді жас Байжан Емберді. Меркі аудандық «Жастар ресурстық орталығының» ұйымдастыруымен режиссер Руслан Акунның «Сәлем, Еуропа» атты фильмі де ашық аспан астында көрсетілді. Бұл киноны жүздеген жастар тамашалап, ерекше әсерге бөленді.
«Міне, біз көрсек деп жүрген фильмдер аудан орталығына да келіп жатыр. Отбасымызбен, мектеп жасындағы балаларымызбен келіп тамашаладық. Туынды көңілімізден шықты. Ең бастысы, керемет әсерге бөлендік. Бұл үрдіс алдағы уақытта да жалғасын табады деген сенімдемін», дейді Меркі ауылының тұрғыны Ғалия Бұралхиева.
Игі шара алдағы уақытта да аудандарда жалғасын табатын болады.
Есет ЖАҢАБАЙҰЛЫ
Ұқсас жаңалықтар
Ақпарат
IQanat – жарқын болашаққа бастайтын жоба
- 28 қазан, 2024
Референдумнан қордайлықтар да қалыс қалмауда
- 6 қазан, 2024
АЭС салсақ - электр энергиясын экспорттаймыз
- 22 қыркүйек, 2024
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді