ӘБД ӘЛ-МАДЖИД АШ-ШАЛДЖИКАСИ
Отырар мен Сайрам, Түркістан мен Тараз ойшылдарын білгенімізбен, Шелжіден шыққан ғалымдар күні бүгінге дейін белгісіз болды. Оған себеп те жоқ емес. Өйткені, Шелжі шаһары туралы деректер тым аз. Бұл шаһардан шыққан ілім иелері туралы деректер еліміздің бұрынғы бас мүфтиі Әбсаттар Дербісәлінің еңбектерінде кездеседі. Онда шелжілік ғұламалар туралы мағлұматтар араб тілді жазбалардан табылғандығы айтылған. Солардың бірі – Әбд әл-Маджид аш-Шалджикаси. Наджм ад-Дин ан-Насафи оны «Шейх және имам» деп жазады. Шелжілік жерлесіміз алғашқы білімді Шелжі, Таразда алған соң Орта Азияның Бұхара, Самарқан қалаларына ілім іздеп барады. Әбу Сад ас-Саманидің айтуына қарағанда, Самарқанда ол фиқһ ілімі, яғни шариғат амалдары бойынша дәріс алған.
Әбд әл-Маджид тек фиқһ ғылымымен ғана айналысып қоймай, сондай-ақ хадис шәріптер де жинаған. Сол арқылы діни ілім бойынша түсіндірмелер жүргізіп, артынан ізінен ерушілердің таным көкжиегін кеңейтіп отырған. Ол өзінің ұстазы Әбу Бәкір әл-Футухидің атынан хадистерді тапсырды. Оның атынан хадисаны ұлы Абул Хасан Әли аш-Шалджи жалғастырған.
ЙУСУФ АШ-ШАЛДЖИ
Осы шаһардан шыққан екінші бір Йусуф ибн Йахия аш-Шалджи туралы деректі де Әбу Сад ас-Саманидің «Әл- Ансабында» («Шығу тек шежіресінен») кездеседі. Оның айтуынша, Йусуф ибн Йахия да имам, яғни дін қызметкері болған. Ол Самарқанға келіп хадис ілімі жайында тағылым алған. Кейін өзі жинаған хадистерінің бірін көнекті дін қайраткері Йусуф ас-Самарқандиге қалдырған.
АБУЛ ХАСАН ӘЛИ АШ-ШАЛДЖИ
Аш Шалджи өз әкесі жоғарыда айтылған Әбд әл-Маджид аш-Шалджикасиден дәріс алған. Саналы өмірін дін жолына сарп еткен ғұлама хадистерді жинаумен айналысқан. Аш- Шалджи арғы атасы Ислам дінін өлкеде алғаш қабылдағандар қатарында болғандығы жайында деректер қалдырған. Осы мәліметке сүйенсек, оның ата-бабасы мыңдаған жылқыға ие болған адамдар ретінде сәнді шапан киініп, аскеттік қалыпты сақтағандығы жайында айтылған. Тарихшылардың болжамынша 79 жыл ғұмыр кешкен ойшыл Бұхарадағы Джакардиза мазаратында жерленген.
Нұрболат АМАНБЕК
Ұқсас жаңалықтар
Қаңғыбас иттерді аулау жұмыстары жалғасады
- 13 қаңтар, 2025
Димекеңнің төрт ескерткіші
- 13 қаңтар, 2025
Ақпарат
Жамбыл облысында 49 инвестициялық жоба жүзеге асырылды
- 13 қаңтар, 2025
Білім беру ошағы пайдалануға берілді
- 31 желтоқсан, 2024
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді