Еске сала кетейік, Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес М.Х. Дулати атындағы Тараз өңірлік университеті базасында Д.И.Менделеев атындағы Ресей химия-технологиялық университетінің филиалын ашу көзделген. Бұл бойынша Д.И.Менделеев атындағы РХТУ, М.Х.Дулати атындағы Тараз өңірлік университеті және «Қазфосфат» кәсіпорны арасында кадрларды бірлесіп даярлау туралы үшжақты келісімге қол қойылған болатын.
Қазіргі таңда ресейлік университеттің филиалы орналасатын ғимаратқа жөндеу жұмыстары жүргізілуде. Оқу орнында 55 аудитория бар, оның ішінде 7 лаборатория қарастырылған. Оқу корпусы білім беруге қажетті барлық құрал-жабдықтармен қамтылады. Жалпы, бұл жұмыстар тамыз айының соңына дейін аяқталмақ.
Ербол Қарашөкеев өңірде химия өнеркәсібі қарқынды дамып келе жатқанына тоқталып, салаға қажетті кадрларды даярлау мәселесіне көңіл бөлді. Сондай-ақ, өңірдің әлеуеті мен мол мүмкіндіктерін кеңінен тарқатып айтып берді.
– Жамбыл облысы химия өнеркәсібінің локомотиві десек қателеспейміз. Жақын арада мыс концентратын өндіруге қуатты тағы бір ірі кәсіпорын іске қосылды. Алдағы төрт жылда құны 2,5 триллион теңгені құрайтын 70 инвестициялық жобаны іске асыру көзделуде. Инвесторлармен бірге жергілікті жоғары оқу орындарында білікті кадрларды даярлап, оларды жұмысқа қабылдауға күш салатын боламыз, – деді Ербол Қарашөкеев.
Д.И.Менделеев атындағы Ресей химия-технологиялық университеті жамбылдық студенттерге білім беруді бастап кетті. Өткен жылы «Қос дипломды» білім беру бағдарламасы бойынша 7 студент Мәскеуде білімін шыңдап, оқуын сәтті аяқтады. Сонымен бірге, «Қазфосфат» серіктестігінің қызметкерлері де университет базасында білімдерін жетілдіруде.
Биыл қыркүйекте аталған оқу орнының өңірдегі филиалы 30 студентті қабылдап, химия өнеркәсібінің кадрларын даярлауды бастайды. Алдағы жылдары білім алушылардың саны 300-400-ге жетеді деп күтілуде.
– Біздің ұзақмерзімді ынтымақтастығымыз одан әрі арта түсетініне сенімдімін. Әріптестерімізбен барлық мәселелерді оңтайлы шешіп, жаңа оқу жылында студенттерді қабылдауға ниеттіміз, –деді Д.И.Менделеев атындағы университет ректоры Илья Воротынцев.
Басқосуда М.Х.Дулати атындағы Тараз өңірлік университетінің ректоры меморандум аясында қолға алынған жұмыстарды баяндады.
Сонымен бірге, Д.И. Менделеев атындағы РХТУ өңірлік филиалының директоры Ирина Фарафонтова да сөз алып, облыстық әкімдікпен бірлесе білім беру бағдарламаларының ауқымын кеңейтуге мүдделі екенін жеткізді.
Айта кетейік, РХТУ- дың өңірлік филиалында білім алған студенттер инженер-химик, химик- технолог, биотехнолог, зертханашы және зерттеуші мамандықтары бойынша жұмысқа орналаса алады. Бұдан бөлек, олардың ғылыми- зерттеу институттары мен зертханаларда жұмыс істеуіне мүмкіндік бар.
Облыс әкімінің баспасөз қызметі.
Ұқсас жаңалықтар
Басты міндет – экономикалық өсімді қамтамасыз ету
- 26 желтоқсан, 2024
Президенттің балаларға ерекше құрметі
- 26 желтоқсан, 2024
Ақпарат
Жамбылда заңсыз берілген жер учаскелері қайтарылды
- 25 желтоқсан, 2024
Жамбыл облысы: гранттар арқылы оң өзгерістер жасаудың жаңа мүмкіндіктері
- 25 желтоқсан, 2024
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді