Жеңімпаздарды марапаттауға облыс әкімі Ербол Қарашөкеев арнайы қатысып, өңірдің әлеуметтік-мәдени өміріне белсенді атсалысып, қоғамдық құндылықтарды насихаттап жүрген шаңырақ иелеріне жылы лебізін арнап, алғысын жеткізді.
– Отбасы–кез келген мемлекеттің тірегі, ұрпақ тәрбиесінің негізі. Елге, туған жерге деген сүйіспеншілік пен адамгершілік асыл қасиеттер отбасынан бастау алып, қалыптасады. Отбасынан алған өнегелі тәрбие – бақытты да үлгілі жанұя болашағының кепілі. Сондықтан да биыл он бірінші рет өткізіліп отырған «Мерейлі отбасы» ұлттық байқауының маңызы зор. Аталған байқау отбасы институтының маңызын арттырып, отбасы мен некенің жағымды үлгісін өнеге етуді көздейді. Ел Президенті Қасым- Жомарт Кемелұлы «Отбасы институты еңбекқорлық, білімпаздық, тілектестік сынды «Адал азаматқа» тән қасиеттерді қоғамда жан-жақты дәріптеу арқылы ұлттың жаңа сапасын қалыптастыруға өлшеусіз үлес қосады» деп атап өткен болатын. Сіздердей құтты шаңырақ иелері – біздің аймағымыздың мақтанышы. Жарасымды сыйластық, бірегей шынайы отбасылық қарым- қатынастарыңыз қашанда баршаға үлгі-өнеге, – деді өңір басшысы Ербол Шырақпайұлы.
Облысымызда осыдан он жыл бұрын бастау алған «Мерейлі отбасы» байқауында бүгінгі күнге дейін 2500-ден астам отбасы бақ сынаған. Ал, биылғы байқауға Тараз қаласы мен аудандардан барлығы 218 отбасы қатысып, облыстық кезеңге 22 отбасы жолдама алған. Соның нәтижесінде түрлі салада жетістікке жетіп, ел ішінде құрметке бөленіп отырған берекелі әулеттер саны тағы да артып отыр. Облыстық кезеңнің қорытындысы бойынша үшінші орынды Жамбыл ауданынан қатысқан Әбсаттаровтар отбасы мен сарысулық Шынбатыровтар әулеті өзара бөлісті. Ал, екінші орынды Шу ауданынан қатысқан Баймағанбетовтар отбасымен Т.Рысқұлов ауданынан Өмірбаевтар отбасы иеленді. Сондай-ақ, бірінші орын Меркі ауданынан Ешеновтар отбасына бұйырса, тараздық Таңатаровтар әулеті бас жүлде иегері атанды.
Салтанатты іс-шарада талай тарланбозды түлетіп, өңірдің спорт саласына айшықты үлес қосып келе жатқан Таңатаровтар әулетінің отағасы, еркін күрестен спорт шебері, аға жаттықтырушы Достық Таңатаров отбасы институтының маңыздылығына тоқталды.
– Отбасы қашанда ұлттың ұйытқысы саналады. Өз отбасында тыныштық пен татулықты өзара үйлестіріп, жетістікке жетпеген адам, өмірде де биік шыңдарды бағындыра алмасы анық. Әр жылы тұрақты түрде өткізіліп тұратын «Мерейлі отбасы» байқауында еліміздегі ең үлгілі саналатын отбасылардың тағылымға толы өмірлері насихатталып, түрлі марапатқа ие болуы дәстүрге айналды. Бұл қоғам өміріне де елеулі үлес қосатын бастама екеніне сенімім мол, – деді Достық Таңатаров.
Айта кету қажет, үш буынды спортшылар жанұясы саналған Таңатаровтар әулетінен елімізге белгілі спорт шеберлері – бокстан республикалық жарыстардың жеңімпазы Ақниет Таңатаров пен еркін күрестен Лондон Олимпиадасының қола жүлдегері Ақжүрек Таңатаров сияқты саңлақтар шыққан.
Нұрболат АМАНБЕК
Ұқсас жаңалықтар
Референдум-2024: Сайлау учаскелері жұмысын тоқтатты
- Бүгін, 20:01
Бақылаушылар да белсенді
- Бүгін, 18:15
Ақпарат
Референдумнан қордайлықтар да қалыс қалмауда
- Бүгін, 14:24
АЭС салсақ - электр энергиясын экспорттаймыз
- 22 қыркүйек, 2024
Қазір қолдағы телефонға да қуат керек заман - Қадырбеков
- 22 қыркүйек, 2024
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді