Бұл туралы өңірлік коммуникациялар қызметінің баспасөз алаңында облыстың Әділет департаментінің басшысы Нұрғали Андосов және оның орынбасары Дәурен Дайрабаев мәлім етті.
– 2024 жылдың 6 айында Әділет департаментіне жергілікті мемлекеттік органдардың 73 нормативтік құқықтық актілері мемлекеттік тіркеуге келіп түскен. Құқықтық сараптама жүргізу нәтижесінде 73 НҚА тіркеліп, мемлекеттік тіркеу тізіліміне енгізілген. Мемлекеттік тіркеуге ұсынылған нормативтік құқықтық актілердің қаралу мерзімін бұзу оқиғалары орын алмаған. Прокурорлық қадағалау актілері бойынша есепті кезеңде прокуратура органдарынан наразылық түспеген, – деді Нұрғали Андасов.
Әділет органдарының жүйесіндегі соңғы өзгерістері туралы облыстың Әділет департаменті басшысының орынбасары Дәурен Дайрабаев баяндады. Ол өзгерістердің бірі – «E-zan komegi» жүйесі арқылы жүзеге асырылатын азаматтарға заңгерлік көмек көрсету үдерістерін автоматтандыру.
– Бұл жүйе адвокаттық қызметті және Заң кеңесшілерінің қызметін автоматтандыруға арналған. Аталған мобильдік қосымшамен онлайн режимде консультацияны қамтамасыз ету арқылы іске асырылды. Жақсартылған интерфейсі бар iOS және Android жүйелеріне арналған жаңа мобильді қосымша платформасы дайындалуда, – деді ол.
Сондай-ақ, азаматтармен құқықтық сауаттылықты және құқықтық кеңес алудың қолжетімділігін арттыру мақсатында Министрлік ағымдағы жылы аталмыш мобильдік қосымшасында жасанды интеллект пен чат-ботты енгізуді жоспарлап отыр. Бұл – азаматтарға тәулік бойы өздерін қызықтыратын құқықтық сұрақтарға жауап алуға мүмкіндік береді. Спикерлер неғұрлым егжей-тегжейлі түсіндіру қажет болған жағдайда құқықтық ақпараттық қызмет операторымен кеңесу немесе мемлекет кепілдік берген заң көмегі шеңберінде білікті заң көмегін алу үшін бейнеқоңырау қолжетімді болатынын атап өтті. Айта кетейік, Жамбыл облысы бойынша 6 айда 7 734 азаматқа тегін заң көмегі көрсетілген.
Департамент басшысының орынбасары «Цифрлық нотариат» қызметі бойынша табысты іске асырылған жобаны да ерекше атап өтті. Сенімхат, кеңес беру және тараптардың келісімі сияқты бірқатар нотариаттық қызметтер онлайн форматқа көшірілген. Енді азаматтардың бұл қызметтерді нотариусқа бармай-ақ онлайн режимінде бейнеқоңырау арқылы алу мүмкіндігі бар екен. Барлық қалыптастырылған құжаттар «цифрлық құжаттар» сервисінде көрсетілмек.
Асылзат ӨСЕРҚЫЗЫ.
Ұқсас жаңалықтар
Аймақта әк шығаратын зауыттың құрылысы жүргізілуде
- 26 желтоқсан, 2024
Аға буынның айтары көп
- 26 желтоқсан, 2024
Ақпарат
Жамбылда заңсыз берілген жер учаскелері қайтарылды
- 25 желтоқсан, 2024
Жамбыл облысы: гранттар арқылы оң өзгерістер жасаудың жаңа мүмкіндіктері
- 25 желтоқсан, 2024
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді