![500 мыңнан аса жамбылдық экоакцияға белсенді қатысты](https://aqjolgazet.kz/uploads/resized-images/2024/07/1720673197.webp)
Соңғы мәліметтер бойынша 500 мыңнан аса жамбылдық экологиялық акцияға белсенді қатысқан. Оның ішінде, тұрғындар, ардагерлер мен жастар, ҮЕҰ өкілдері және түрлі мекеме қызметкерлері бар. Акция басталғаннан бері 320 мың шаршы метр әуежай, теміржол, автобекеттер мен автобус парктерінің, 206 мың шаршы метр отын-энергетика кешендерінің, 108 мың шаршы метр емдеу орталықтарының, 508 мың шаршы метр оқу орындарының, 280 мың шаршы метр шағын және орта кәсіпорындардың аумақтары күл-қоқыстан тазартылды. 818 шақырым канал мен арық жүйесі тазаланды. 2,4 мың ағаш бұталанып, 455 мың шаршы метр жасыл желек суғарылды. Тазалық жұмыстарына 910 бірлік техника тартылды.
Еске сала кетейік, облыс әкімі Ербол Қарашөкеев жауаптыларға «Таза Қазақстан» акциясы аясында екі аптада бір рет Тараз қаласы мен аудандардың санитарлық тазалық жағдайына зерделеу жүргізуді тапсырған болатын. Соған сәйкес басқарма басшысы жүргізілген мониторинг қорытындысы туралы баяндап, өткен аптада Жамбыл, Жуалы, Меркі, Мойынқұм, Қордай аудандары мен Жаңатас, Қаратау, Шу қалаларында бірқатар кемшіліктер анықталғанын жеткізді.
Ербол Қарашөкеев «Таза Қазақстан» акциясының іске асырылу барысына жүйелі түрде мониторинг жүргізіліп, қорытындысы апта сайын қаралатынын атап өтті.
– Қала мен елді мекендердің санитарлық тазалық жағдайы талапқа сай болуы қажет. Ол үшін әкімдер ауыл-аймақты жиі аралап, мәселені өз көзімен көруі тиіс, – деген аймақ басшысы жұмысты күшейтіп, анықталған фактілерді жоюды тапсырды.
Кеңес қорытындысы бойынша жауаптыларға нақты тапсырмалар жүктелді.
Облыс әкімінің баспасөз қызметі.
Ұқсас жаңалықтар
Партиялық бақылау комиссиясы – қоғам зердесі
- 24 қаңтар, 2025
Былтыр 23 мыңнан астам баланың алименті өндірілді – Прокуратура
- 24 қаңтар, 2025
Ақпарат
Ұстаздық деген ұлы жол
- 21 қаңтар, 2025
Таразда ҚАЖ департаменті жыл қорытындысын жасады
- 16 қаңтар, 2025
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді