Іс-шараны Аmanat партиясы облыстық филиалының төрағасы Дауыл Бейсенқұлов пен облыс әкімдігі мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасы басшысының орынбасары Сара Мадиева сөз сөйлеп ашып, домбыраның қасиетіне кеңінен тоқталып, өнерпаздарға сәттілік тіледі. Жиында Кенен Әзірбаев атындағы облыстық филармонияның Ұлт аспаптар оркестрінің сүйемелдеуімен бірнеше патриоттық әндер шырқалып, күйлер орындалды. Құрманғазының күйі «Серпер», Әлшекей Бектібайұлының күйі «Отарба» ел назарына ұсынылды.
Көпшіліктің алдында Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Бақыт Шағырбаев, Мәдениет саласының үздіктері Жасан Тілеубеков, Оңал Азаматова, Айгүл Мақашева бастаған өнерпаздар және «Жамбыл» триосы әннен шашу шашты. Мәдениет саласының үздігі Маралбек Бабақұлов Шәмші Қалдаяқовтың «Жаңарған Жамбылым» әнін, Мерей Әбуова Алтынбек Қоразбаевтың «Сағындым Кенен атамды» әнін шырқады.
Іс-шара барысында Ұлт аспаптар оркестрінің сүйемелдеуімен Әбдімомын Желдібаевтың «Ерке сылқым», Аман Малдыбаевтың «Көне Тараз күмбірі» күйі нақышына келтіре орындалды. Осы тұста оркестрдің дирижері Дулат Байзілдаевтың еңбегін айрықша айта кеткен жөн.
Іс-шарада көпшілік өнердің қасиетін, домбыраның құндылығын тани түсті. Жиналған жұрттың жүректерін ән толғандырып, күй тербеді. Осы іс-шараға арнайы келген мемлекеттік қызмет саласының ардагері Үртай Сапақова: «Бүгін Ұлттық домбыра күніне орай өте жоғары деңгейдегі концерттік бағдарламаны көрдік. Көңіліміз толды. Міне, осы Ұлттық оркестрдің концертін үлкен саябақтарда көпшілік назарына ұсынса, оған Тараз қаласының тұрғындары көп жиналатынына сенімдімін. Бұл іс-шараның мәні зор. Жалпы, қазақ үшін домбыраның қастерлі», – деді.
Есет ДОСАЛЫ
Ұқсас жаңалықтар
Ақпарат
АЭС салсақ - электр энергиясын экспорттаймыз
- 22 қыркүйек, 2024
Қазір қолдағы телефонға да қуат керек заман - Қадырбеков
- 22 қыркүйек, 2024
Алматылық қос азаматтың жазасы жеңілдетілді
- 30 тамыз, 2024
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді