Елімізде студенттердің, магистранттардың және докторанттардың стипендиясы 1 қыркүйектен бастап көбейеді
- author «Ақ жол»
- 2 шілде, 2024
- 961

Колледж студенттері үшін шәкіртақы 50 пайызға артып, жұмысшы мамандықтары бойынша 43 574 теңгені, орта буын мамандары үшін 41 896 теңгені құрайтын болады.
Бакалавриат студенттерінің стипендиясы 20 пайызға артып, 47 135 теңгеге дейін, ал педагогика және медицина бағыттарындағы білім алушылардың стипендиясы 75 600 теңгеге дейін ұлғаяды.
Интернатурада оқитындарға стипендия 85 376 теңге, ал резидентурада – 123 122 теңге көлемінде төленетін болады.
Магистранттар мен докторанттарға стипендия 15 пайызға ұлғайтылады, оның мөлшері тиісінше 107 061 теңгені және 240 000 теңгені құрайды.
Сондай-ақ, 2025 жылғы 1 қыркүйекте шәкіртақы бакалавриат студенттеріне 20 пайызға, магистранттар мен докторанттарға 15 пайызға көбейетін болады.
Жалпы, Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша 2020 жылдан бастап стипендияны көбейту бойынша жоспарлы жұмыс жүргізілуде. Соның нәтижесінде 2025 жылға қарай ЖОО мен колледж студенттерінің стипендиясы екі есеге, магистранттар мен докторанттар үшін 1,75 есеге өседі.
Ұқсас жаңалықтар
Бір әкенің тәрбиесін жүз мектеп бере алмайды
- Бүгін, 01:45
Ақпарат
Жамбылда ҚАЖД қызметкерлері қан тапсырды
- 14 маусым, 2025
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді