
Атаулы күн біздің орталығымызда да елеусіз қалған жоқ. Мереке қарсаңында орталығымызда «Ата өнегесі ұрпаққа аманат» атты кеш өтті. Оған облыстық ардагерлер кеңесінің төрағасы Еркінбек Солтыбаев, Тараз қалалық ардагерлер кеңесінің төрағасы Күләш Әбдікешова, облыстық прокуратура бастауыш ардагерлер ұйымының төрағасы Ерлан Сатыбалдиев, қалалық ардагерлер кеңесі жанындағы әкелер алқасының төрағасы Сейтхан Тотаев және орталықтың қызмет алушылары қатысты. Іс-шараның мәнді де мағыналы өтуіне орталықтың қадірлі ардагерлері мен қызмет алушылары белсене атсалысты.
Іс-шара барысында орталықтың шахмат, дойбы, тоғызқұмалақ нұсқаушысы Мейрамқұл Ноғайбаевтың ұйымдастыруымен үш құрметті ардагеріміз немерелерімен, бірге үш номинация бойынша сынға түсті. Атап айтсақ, Жапар Күзбайұлы қариямыз Жанбике немересімен Баймахан Жылқыбайұлы Мадина немересімен, ал Жаңабек Сәбенұлы Бекзат есімді немересімен өздерін таныстырып қана қоймай, бата беру үлгісін көрсетіп, есімдері ел есінде қалған тарихи тұлғалардың бірқатарына тоқталып өтті. Үй тапсырмасы аталымында әр қатысушы өз өнерлерін ортаға салды.
Кеш қызығы мұнымен біткен жоқ. Әнмен, бимен, қызмет алушылардың өнерімен өрілген кеште орталығымыздың 80 жастан асқан құрметті ақсақалдары марапатталды. Облыстық ардагерлер кеңесінің төрағасы Еркінбек Бейсенбекұлы мен Тараз қалалық ардагерлер кеңесінің төрағасы Күләш Әмедияқызы қазыналы қарияларымызға ұзақ ғұмыр, белсенді өмір салтын ұстануға тілектестіктерін білдіріп, жеті ақсақалды Алғыс хатпен марапаттап, сый-сияпат ұсынды.
Іс-шара соңында орталық директоры Олжас Бақытұлы белсене атсалысқан барлық қызмет алушыларға, құрметті қонақтарға алғысын білдіріп, әкелерімізді, ардагерлерімізді ардақтау ісі қашанда басты орында болатындығын атап өтті.
Баян ОРАЗБЕКОВА,
Белсенді ұзақ өмір орталығы директорының орынбасары.
Ұқсас жаңалықтар
Айдан келген топырақта қазақ баласының да қолтаңбасы бар
- 20 наурыз, 2025
Күн мен түн теңелгенде...
- 20 наурыз, 2025
Ақпарат
ҚАЖ қызметкерлері көпбалалы отбасыны қуантты
- 15 наурыз, 2025
Гендерлік саясат – қоғамдық өмірдің теңдігі
- 7 наурыз, 2025
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді