Әскер қатарындағылардың басым бөлігін әулиеаталықтар құрайды
- author «Ақ жол»
- 18 маусым, 2024
- 538
Жалпы, аталған құрылымдардың қомақты бөлігін халық саны бойынша республикада үшінші орында тұрған Жамбыл облысының жігіттері құрайды. Көктемгі әскерге шақыру науқаны кезінде қорғаныс істері жөніндегі департаменттің облыстық қабылдау пунктінен облысымыздан мыңнан астам жас әскер қатарына алынды. Олардың барлығы қазірдің өзінде Қарулы Күштердің, Ұлттық қауіпсіздік комитеті Шекара қызметінің, Мемлекеттік күзет қызметінің және Төтенше жағдайлар министрлігінің бөлімшелерінде міндетті әскери қызметке кіріскен. Осы күш құрылымдарының әскери бөлімдеріне шақырылған жігіттер жас жауынгерлер курсын аяқтап қана қоймай, әскери ант қабылдап, толыққанды жауынгерлік дайындыққа кірісті. Көктемгі шақырудың соңғы кезеңінде әскери басқару органдары Ұлттық ұланның әскери бөлімдеріне жасақтарды жинауды бастады. Маусым айының соңына дейін Ұлттық ұлан бөлімшелеріне өңірімізден бес жүзден астам жас жігіт жіберіледі. Бұл көрсеткіштің төрттен бір бөлігі Тараз қаласының үлесіне тиеді.
– Расында Жамбыл облысынан әскерге шақырылғандардың басым бөлігі Қарулы Күштер, басқа да әскерлер мен әскери құрамалар қатарына аттанып жатқаны көңіл қуантады. Таразда халық тығыз орналасқандықтан, біздің шақыру комиссиясына артылған жүк аз емес. Бірақ, соған қарамастан, қалалық қорғаныс істері басқармасының қызметкерлері жүктелген жұмыс көлемін ойдағыдай атқаруда. Ал бұл ретте оларға әскерге шақырылғандардың өздері, дәлірек айтсақ, олардың ниеті мен әскери борышын өтеуге дайындығы үлкен көмек көрсетуде. Тараздық жастардың жергілікті әскери басқару органдарына өз ықыластарымен және кідіріссіз келіп, медициналық комиссиядан сүрінбей өтіп, әскер қатарына алынғаны бағалауға тұрарлық. Көктемгі әскерге қабылдау науқанын тиімді әрі толықтай аяқтайтынымызға сенімдімін. Тараз қорғаныс басқармасына күн сайын әскер жасындағы ондаған жігіт келеді. Әскерге шақыру комиссиясы мүшелерінің міндеттеріне олардың денсаулығын, отбасылық және әлеуметтік жағдайын жан-жақты зерделеу, әскерге шақыруға дайындығын көптеген көрсеткіштер бойынша бағалау кіреді. Расында да, сандық көрсеткіштермен қатар, әскерге шақырылатын контингенттің сапалы болуын қамтамасыз ету маңызды, – дейді Тараз қалалық қорғаныс істері басқармасының бастығы, подполковник Ербол Өтебаев.
Айта кетсек, көктемгі әскерге қабылдау науқаны 31 маусымда аяқталады. Бірақ, әскери басқару органдарының қызметкерлері үшін жұмыстың жаңа кезеңі басталады. Олар болашақ әскерге шақырылатындардың жеке істерін зерттеумен айналысады. Себебі күзгі әскерге шақыру қыркүйек айында басталып, оның барысында әскерге жас жігіттерді іріктеу бойынша да ауқымды жұмыстар атқарылуы тиіс.
Нұржан ҚАДІРӘЛІ
Ұқсас жаңалықтар
Ақпарат
АЭС салсақ - электр энергиясын экспорттаймыз
- 22 қыркүйек, 2024
Қазір қолдағы телефонға да қуат керек заман - Қадырбеков
- 22 қыркүйек, 2024
Алматылық қос азаматтың жазасы жеңілдетілді
- 30 тамыз, 2024
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді