Басқо суға д зюдодан екі дүркін олимпиада ойындарының жүлдегері, Әлем чемпионы Елдос Сметов, бокстан Әлем, Азия чемпионы Асланбек Шымбергенов және олардың жаттықтырушылары қатысты.
Аймақ басшысы спортшыларға сәттілік тілеп, Олимпиада ойындарында ел намысын лайықты қорғайтынына сенім білдірді.
Өз кезегінде спортшылар сөз алып, қолдау білдерген жамбылдықтарға, облыс басшылығына деген алғыстарын, жанкүйерлердің сенімін ақтау үшін бар күш-жігерлерін салатындарын жеткізді.
Кездесуде облыс әкімі Олимпиадаға жолдама алған спортшылар мен олардың жаттықтырушыларына қаржылай сертификат табыстады.
Айта кетейік, Париж Олимпиадасының салтанатты ашылу рәсімінде еліміздің көк Туын ұстап шығу жауапкершілігі Асланбек Шымбергеновке жүктеліп отыр.
Жалпы, жазғы Олимпиада ойындарына 5 жамбылдық спортшы лицензия жеңіп алды. Олардың қатарында, еркін күрестен Әлем чемпионатының жүлдегері, Азия чемпионы Әлішер Ерғали, дзюдодан Азия чемпионы Данияр Шамшаев, қазіргі бессайыс спорт түрінен Азия чемпионы Георгий Борода- Дудочкин бар.
Анықтама: Тәуелсіздік алған жылдардан бері жамбылдық спортшылар Олимпиада ойындарында 10 медалға ие болды. Оның ішінде 2 алтын, 4 күміс және 4 қола бар.
Облыс әкімінің баспасөз қызметі.
Ұқсас жаңалықтар
Тектілік дәулетпен емес дәстүрмен өлшенеді
- 6 желтоқсан, 2025
Жетістікке жету жолында еңбек етеміз
- 6 желтоқсан, 2025
Ақпарат
Шаруалардың маңдай тері ақталатын күн жақын
- 25 қыркүйек, 2025
Әлемде транзит үшін бәсеке күшейіп бара жатыр – Тоқаев
- 8 қыркүйек, 2025
Цифрландыру пойыздың кешікпеуіне көмектесе ме?
- 21 тамыз, 2025
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




