Жиын барысында экономика ғылымдарының докторы Оразалы Сәбден, ұстаз-ардагер Тұрғынбек Манапов, облыстық ардагерлер кеңесінің төрағасы Еркінбек Солтыбаев ғалым Нұрғали Сарыбековтың жайсаң мінезін, терең ізденісін еске алып, шәкіртке деген құрметі мен мансабына деген адалдығын, табиғатқа деген мейірімін сөз етті. Мемориалды тақтаның ашылу салтанатына қатысушылар Халықаралық Тараз инновациялық институты алдындағы Шерхан Мұртаза ескерткішіне гүл шоқтарын қойып, тағзым етті.
Ғалымның мерейтойына арналған іс-шара Республикалық ғылыми-практикалық конференциямен жалғасты. Академиктің ұлы Махметғали Сарыбеков конференция модераторы болып, алғашқы сөзді Парламент Мәжілісінің депутаты Ерболат Саурықовқа берді.
– «Жақсының аты өлмейді, ғалымның хаты өлмейді» деген халық нақылының нақ дәлелін көріп отырмыз. Ғалым Нұрғали ағамыздың жолын бүгінде ұлы Махметғали Нұрғалиұлы жалғастырып келеді. «Экология және табиғатты қорғау» орталығын ашып, оның негізінде өзінің ғылыми мектебін құрды. Оның тікелей басшылығымен 10-нан астам халықаралық, бүкілодақтық, республикалық ғылыми-теориялық, ғылыми әдістемелік, ғылыми-практикалық конференциялар мен семинарлар өтті. Ұстаздың сара жолын бүгінде ізбасарлары жалғап, ғалымның 90 жылдық мерейтойында бәріміз бас қосып, өзі 30 жыл өмір сүрген үйіне ескерткіш тақта қойылды. Ал, шәкірттері еліміздің өркендеуіне, жас ұрпақты оқытып, тәрбиелеуде еңбек етіп жүр. Осының бәрі де ғалымның өзі өмірден өтсе де артында өшпес ізі қалатынын айғақтайды, – деген Ерболат Байұзақұлы конференция жұмысына сәттілік тіледі.
Бұдан соң педагогика, психология, экономика, филология ғылымдарымен айналысып жүрген ғалымдар Нұрғали Сарыбековтың әр салада атқарған еңбектері мен өмір өрнектерін айтып, баяндама жасады. Аталған жиын барысында «Академик Нұрғали Сарыбековтың таңдамалы ғылыми еңбектері» атты кітаптың тұсауы кесілді. Бүкіл саналы ғұмырын табиғатты қорғауға арнаған академик Нұрғали Сарыбековтың өмір жолы, артында қалдырған ғылыми мұрасы, азаматтық ұстанымы бүгінгі ұрпаққа үлгі болары анық.
Азамат ЖАҚЫПБЕК,
М.Х.Дулати атындағы Тараз өңірлік университеті конвергентті журналистика мамандығының 2-курс студенті.
Ұқсас жаңалықтар
Басты міндет – экономикалық өсімді қамтамасыз ету
- 26 желтоқсан, 2024
Президенттің балаларға ерекше құрметі
- 26 желтоқсан, 2024
Ақпарат
Жамбылда заңсыз берілген жер учаскелері қайтарылды
- 25 желтоқсан, 2024
Жамбыл облысы: гранттар арқылы оң өзгерістер жасаудың жаңа мүмкіндіктері
- 25 желтоқсан, 2024
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді