
Кеңес төрағасының айтуынша, мемлекеттік қызметшілер жыл басынан бері қайырымдылық істер мен акциялардың ортасынан табылып, түрлі іс-шараларға белсенді қатысу арқылы еріктілердің қатарын көбейтуде.
– Департамент жанынан құрылған «Еріктілер кеңесі» консультативтік-кеңесші органы мемлекеттік қызметшілер арасында еріктілер қозғалысын үйлестіруді, сондай-ақ, мемлекеттік қызметшілердің ерікті бастамаларын және осы саладағы заңнама талаптарының үйлесімділігін қамтамасыз етуге бағытталған жұмыстарды атқарады. Кеңес бүгінгі күнге дейін аудандарда «Руханият» волонтерлар қозғалысын құрып, ата-ана қамқорлығынсыз қалған балаларға қайырымдылық іс-шарасын өткізу, абаттандыру және санитарлық тазалық табиғат орындарында сенбілік жұмыстары ұйымдастыру, қан тапсыру сияқты 30 жуық игі істерді атқарды, – деді Р.Шарипов.
Сонымен қатар, жиында күн тәртібіне сәйкес мемлекеттік қызметшілерден құралған «Руханият» волонтерлар қозғалысының Қордай, Шу аудандары бойынша атқарған жұмыстары тыңдалып, кеңестің жоспарлы іс-шаралары қаралды. Қордай ауданы әкімдігі аппарат басшысының міндетін атқарушы Бауыржан Жәнетұлының сөзінше, аудан еріктілері былтыр жыл соңында ауа-райына байланысты орын алған төтенше жағдайда да белсенді көмек көрсеткен.
– Өздеріңіз білетіндей, өткен жылы 13-16 желтоқсан аралығында Қордай ауданының аумағында ауа-райына байланысты жергілікті мәндегі төтенше жағдайда жолаушыларға аудан әкімдігінің аппараты жанынан құрылған еріктілері көмек көрсетті. Жолаушылар жылы орынға жайғастырылып, ыстық тамақпен қамтамасыз етілді. Төтенше жағдай қызметкерлерімен бірлесе отырып, автокөліктер қар астынан шығарылып, адамдар құтқарылды. Сондай-ақ, су тасқынынан зардап шеккен өңірлерге Қордай ауданы алғашқылардың бірі болып гуманитарлық көмекті жөнелтті. «Руханият» еріктілер қозғалысының бастамасымен аудан аумағында зардап шеккендерге гуманитарлық көмек көрсету пункттері ашылып, Қостанай, Солтүстік Қазақстан облыстарына 8,3 миллион теңгеге гуманитарлық көмек жөнелтілді, – деді Бауыржан Жәнетұлы.
Ал, Шу ауданында 199 мемлекеттік қызметшінің 65-і еріктілер қозғалысына тартылған. Жиында «Руханият» қозғалысының жұмысымен таныстырған Шу ауданы әкімдігі аппаратының басшысы Нариман Абай мемлекеттік қызметшілердің қауырт жұмыстан уақыт тауып, асарлатып баспана салу жұмысына белсене атсалысып жүргендігін айтты. Атап айтсақ, Белбасар ауылындағы «Асар жобасымен» басталған үйдің құрылысына 20-дан астам мемлекеттік қызметші мен аудандық жастар ресурстық орталығының қызметкерлері қатысып, тұрғын үй құрылысына үлес қосқан. Бұдан бөлек, еріктілер қариялардың үйіне барып, қыста қарын тазалап, отын-суын реттеп, көмекке мұқтаж 16 қарияға қолғабыс еткен.
Жиын соңында облыс орталығында, аудандарда «Руханият» еріктілер қозғалысының алдағы уақытта атқаратын жұмыстары нақтыланып, жоспары шегенделді. Кеңес мүшелері халықпен тығыз байланыс орнату мақсатында мемлекеттік қызметшілер тарапынан экологиялық акциялар мен қайырымдылық істердің, мәдени іс-шаралардың жалғасын табатындығын жеткізді.
Нұрболат АМАНБЕК
Ұқсас жаңалықтар
Майдангер аталарының ізін жалғаған
- 29 сәуір, 2025
Әскери шеруге төрт мыңнан астам адам қатыспақ
- 29 сәуір, 2025
Ақпарат
Тоқаев Ассамблея отырысында тіл мәселесін қозғады
- 24 сәуір, 2025
Ақсақалдар тағылымы – адам қоғамның кепілі
- 18 сәуір, 2025
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді