
Ал, тиімділік жағына келсек, ана сүті қашанда қасыңызда, ылғи да тұтынуға дайын, арнайы әзірлеуді қажет етпейді. Бірнеше күн анасы емізбесе сүті де көкіректе не ашып, не бұзылып кетпейді. Оны еш жерден сатып алмайсыз, ол тек сіздің балаңызға ғана арналған. Ішек, жұқпалы ауруларының алдын алады. Респираторлық-жұқпалы дерттерден қорғап, аллергиялық ауруларды балаға жуытпайды. Сәбидің физикалық өсуін дамытады. Нәрестенің сана-сезімін жетілдіреді және жүйке-психикасын дамытады. Диабет және семіздік ауруына шалдығу қаупін төмендетеді.
Сәбиін емізетін аналарға да омырау сүтінің тигізер пайдасы орасан. Мысалы, баласын өз сүтімен қоректендіретін аналар босанғаннан кейінгі күйзеліске сирек шалдығады. Онымен қоса, аналық без, сүт безі обырының даму қаупін төмендетеді, босанғаннан кейін ананың салмағын азайтуға ықпал етеді. Ол сүт безінің қатерлі ісігіне шалдығу қаупін 10, жатырдың қатерлі ісігіне шалдығуын 2 есеге төмендетеді. Психологтардың айтуынша, емізу кезінде шешесінің бар жан-тәнімен сәбиді көкірегіне қысуы, аймалауы, өбектеуі, сөйлеуі, еміренуі, мейірленуі, маңдайынан иіскеуі, сылап-сипап, ерекелетуі арқылы бала мен ана арасындағы ұзақ жылдарға жалғасатын өзара сүйіспеншілік, махаббат, қимастық сезімдері қалыптасады. Баланың физикалық, әлеуметтік, психологиялық, рухани жан дүниесі толысады.
Ал сүт қоспаларымен қоректендіргенде мұндай жылы сезімдер болмайды. Ана сүтін емген балалар тез тіл табысқыш, адамға жұғымды болып өседі.
1997 жылдан бастап Қазақстанда омырау сүтімен емізуді қорғау, ынталандыру және қолдауға бағытталған мемлекеттік саясат облыстық перинаталдық орталықта үздіксіз жүргізілуде. Барлық аналарға «Омыраумен емізу арқылы күн сайын балаңыздың иммунитетін арттырыңыз! Балаңызды өзіңіз емізіңіз!» деген кеңес береміз.
А.ТАУРБЕКОВА,
жалпы тәжірибелік дәрігер.
Т.Рысқұлов ауданы
Ұқсас жаңалықтар
Декретке миллионмен қалай шығады?..
- 13 наурыз, 2025
Бауыржан Момышұлы мен Тахауи Ахтанов
- 13 наурыз, 2025
Ақпарат
Гендерлік саясат – қоғамдық өмірдің теңдігі
- 7 наурыз, 2025
Жамбылда жазасын өтеушілер Алғыс айту күнін атап өтті
- 1 наурыз, 2025
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді