Жиында облыс әкімі өңірдің инвестиция тарту ісіндегі оң динамикаға ие екендігін атап өтіп, аталған бағытта атқарылған жұмыстарға тоқталды. Облыс әкімінің айтуынша, жыл басынан бері өңір экономикасына тартылған инвестиция көлемі 23 пайызға артқан.
– Биыл негізгі капиталға салынған инвестиция көлемі 109,5 милллион теңгені құрап, 23 пайыз өсімді көрсетті. Бұл өңірдің өндірістік әлеуетінің айтарлықтай потенциалға ие екендігін танытады. Тиісінше, өндірістегі басым бағыттарды анықтап, кәсіпорындар қатарын ұлғайтып, жұмыс орындарын ашу қажеттілігін туындататыны белгілі. Осы мақсатта облыстың инвестициялық портфельінде 2026 жылға дейін 2,5 триллион қаражатқа 70 жоба қарастырылып, қосымша 6 мың жұмыс орынын ашу көзделуде. Өткен жылы облыс экономикасына 75 миллиард теңгеден астам инвестиция тартылып, 13 кәсіпорын іске қосылып, 550 жаңа жұмыс орны ашылды. Биыл жыл соңына дейін 19 жобаны іске асыруды жоспарлап отырмыз, – деді Ербол Шырақпайұлы.
Сондай-ақ, аймақ басшысы жиында шағын және орта кәсіпкерлікке тартылған инвестиция жайын сөз етті. Бүгінде өңірде аталған санаттағы кәсіпкерлік нысандар саны 11 пайызға артып отыр. Өз кезегінде Парламент Сенатының депутаттары облысқа жұмыс сапары аясында бірқатар нысандардың жағдайымен танысып, өңірдің әлеуметтік-экономикалық әлеуеті мен өндірістік дамуы бағытында бірлесе жұмыс атқаратындығын жеткізді.
– «Ел аумағындағы өндірістің ахуалын қалай арттырамыз?» деген сұрақ Парламент Сенаты қабырғасында, аталған комитет мүшелері арасында да бірнеше мәрте күн тәртібінде көтеріліп келеді. Біздің өңірлерге жұмыс сапары аясында да басты назарға алатынымыз осы мәселе. Облыстың экономикалық тынысын аңдап, ондағы қордаланған мәселелермен танысу арқылы заң жобаларына қандай өзгерістер мен толықтырулар қажеттілігін біліп, түйткілді түйіндердің оңтайлы шешілуіне ықпал етуге әзірміз, – деді Парламент Сенаты экономикалық саясат, инновациялық даму және кәсіпкерлік комитетінің хатшысы Серік Шайдаров.
Кездесу соңында облыс әкімі халық қалаулыларының жұмысына сәттілік тілеп, өңірдің ауыл шаруашылығы, фосфор өндірісі мен жаңа инновациялық технологияларын дамытуға инвестиция тарту бойынша бірлескен нәтижелі жұмыстардың жалғасатындығына сенім білдірді.
Нұрболат АМАНБЕК
Ұқсас жаңалықтар
Басты міндет – экономикалық өсімді қамтамасыз ету
- Бүгін, 01:47
Президенттің балаларға ерекше құрметі
- Бүгін, 01:40
Ақпарат
Жамбылда заңсыз берілген жер учаскелері қайтарылды
- 25 желтоқсан, 2024
Жамбыл облысы: гранттар арқылы оң өзгерістер жасаудың жаңа мүмкіндіктері
- 25 желтоқсан, 2024
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді