Басқосу барысында облыстағы әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының бағасын тұрақтандыру, сауда саласын дамытудың перспективалары қаралды. Сондайақ, базарларды жаңғырту жұмыстары мен өрт қауіпсіздігін сақтау шаралары талқыланды.
Ербол Қарашөкеев аймақта шағын және орта бизнесті дамыту, кәсіпкерлерге жан-жақты қолдау көрсету негізгі басымдыққа ие екенін атап өтті. Сондай-ақ, ол әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының бағасын тұрақтандырудың маңыздылығына тоқталды. «Бүгінде әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының бағасын тұрақтандыру – басты мәселе. Бұл бағытта тұрақтандыру қорымен бірлесе жұмыс атқарып жатқан сауда желілері бар. Алайда, тұрғындар тарапынан әлеуметтік азық-түлік тауарларының бағасына қатысты шағымдар туындап жатады. Сіздерден бұл мәселеге бей-жай қарамай, бағаны тұрақты бақылауда ұстауды сұраймын», – деді облыс әкімі.
Аймақта агроөнеркәсіптік кешен саласында ауқымды жобалар қолға алынған. Ербол Қарашөкеев бизнес өкілдерін бұл бағытта бірлесе жұмыс істеуге шақырды. Облыстық әкімдік шетелдік озық тәжірибелерді негізге ала отырып, кәсіпкерлердің жаңа бастамаларына қолдау көрсетуге ниетті. Бұл азық-түлік бағасының тұрақтылығына да ықпал етеді. Жиында бірқатар базар, супермаркет басшылары мен жеке кәсіпкерлердің ой-пікірлері тыңдалып, сауалдарына жауап берілді. Кездесу қорытындысы бойынша облыс әкімі жауаптыларға өңір кәсіпкерлерін шетелдік ірі компаниялармен байланыстырып, мемлекеттік қолдау шараларын түсіндіру бойынша нақты тапсырмалар жүктеді. Облыс әкімінің баспасөз қызметі.
Облыс әкімінің баспасөз қызметі.
Ұқсас жаңалықтар
Референдум-2024: Сайлау учаскелері жұмысын тоқтатты
- Бүгін, 20:01
Бақылаушылар да белсенді
- Бүгін, 18:15
Ақпарат
Референдумнан қордайлықтар да қалыс қалмауда
- Бүгін, 14:24
АЭС салсақ - электр энергиясын экспорттаймыз
- 22 қыркүйек, 2024
Қазір қолдағы телефонға да қуат керек заман - Қадырбеков
- 22 қыркүйек, 2024
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді