Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл – әрбір азаматтың міндеті
- author «Ақ жол»
- 20 мамыр, 2024
- 513
Қазақстан Республикасының «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Заңының 22-бабына сәйкес, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылды өз құзыреті шегінде барлық мемлекеттік органдар, ұйымдар, квазимемлекеттік сектор субъектілері мен лауазымды адамдар жүргізуге міндетті.
Осылайша, сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мемлекет саясатының басым бағыттарының бірі ретінде айқындалды.
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнаманы жетілдіру – мемлекеттік органдар қызметінің маңызды және өзекті бағыттарының бірі болып табылады және сыбайлас жемқорлықты жоюдың негізгі тетіктерінің бірі болып табылады.
ҚР Президентінің 2022 жылғы 2 ақпандағы №802 Жарлығына сәйкес «Қазақстан Республикасының сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатының 2022- 2026 жылдарға арналған тұжырымдамасы» қабылданды.
Қаіргі таңда, 19 мемлекеттік көрсетілетін қызмет түрлерін көрсетеді.
Жол картасы аясында 11 мемлекеттік көрсетілетін қызмет (бұдан әрі-МКҚ) субсидия беру бағыты бойынша, оның ішінде, 10 МКҚ түрі - «GOSAGRO.KZ», 1 МКҚ түрі «plem.kz» электрондық ақпараттық жүйесі арқылы көрсетіледі, қалған 8 түрі «Е-лицензиялау» портал арқылы жүзеге асырылады.
Мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің ішінде 2-і заңды тұлғаларға, 1-і жеке тұлғаға, 16-ы жеке және заңды тұлғаларға көрсетіледі.
Қазіргі таңда, GOSAGRO.KZ порталында субсидиялаудың негізгі түрлері бойынша өтінімдер 2023 жылдың ақпан айынан бастап қабылдануда.
Өтінімдерді беру, субсидияларды өңдеу және алудың бірыңғай gosagro.kz веб- порталы арқылы жүзеге асырылады. Жүйе толығымен автоматтандырылған және ақысыз негізде қызмет көрсетуге мүмкіндік береді.
Басқармада жеке және заңды тұлғаларды қабылдауда кедергісіз және жайлы орын үшін 1-қабатта бейнебақылау арқылы ашық кабинет қарастырылған. Сонымен қатар, сенім телефоны. (45-42-30, 45-55-32) жұмыс жасайды.
Басқарманың ғимаратында жеке және заңды тұлғалардың өтініштеріне арналған жәшік орнатылған. Азаматтарды жеке қабылдау бойынша басшының және оның орынбасарларының кестесі бекітілген, сыбайлас жемқорлыққа жол бермеу және мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді сапалы көрсету мақсатында ғимараттың ішінде көрнекі ақпараттар орналастырылған.
Сондай-ақ, жеке және заңды тұлғалар үшін басқарманың ресми сайтына барлық мемлекеттік көрсетілетін қызмет қағидалар тізілімі көрсетілген.
Басқарма қоғаммен байланыс орнату мақсатында «Facebook» әлеуметтік желісінде https://www.facebook.com/ ushtaraz/ және «Instagram» әлеуметтік желісінде @ush.zhambyl парақшаларын ашып, басқарма тарапынан атқарылып жатқан жұмыстар мен тұрғындардан түскен сұрақтарға дер кезінде жауаптар берілуде.
Жамбыл облысы әкімдігінің ауыл шаруашылығы басқармасы сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау 2024 жылдың 2-24 мамыры аралығында жүргізілуде. Және де ағымдағы жылдың 17 мамырында жария талқылау болады.
Мемлекеттік қызметтер көрсету барысында негізсіз бас тартулар, арыз- шағымдардың, мерзімін бұзу және ақпараттық жүйелерге қате енгізу фактілеріне жол бермеуі жөнінде тиісті мемлекеттік қызмет көрсету функциялары жүктелген қызметкерлерге басшылық тарапынан қатаң ескертіліп отырылады.
Бұл бағыттағы жұмыстар алдағы уақыттарда да өз жалғасын табатын болады.
Даниярхан МАХАМБЕТОВ,
облыс әкімдігі ауыл шаруашылығы басқармасының бас маманы.
Ұқсас жаңалықтар
Ақпарат
IQanat – жарқын болашаққа бастайтын жоба
- 28 қазан, 2024
Референдумнан қордайлықтар да қалыс қалмауда
- 6 қазан, 2024
АЭС салсақ - электр энергиясын экспорттаймыз
- 22 қыркүйек, 2024
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді