Өткен жылы 940 тараздық жеңілдетілген бағдарламамен үйлі болды
- author «Ақ жол»
- 20 мамыр, 2024
- 814

Өңірде халықты қолжетімді баспанамен қамту мақсатында оңтайлы ипотекалық бағдарламалар жүзеге асырылуда. Мемлекеттік қордан тұрғын үй кезегінде «I, II топтағы мүгедектер», «Көпбалалы отбасы», «Мүгедек бала асыраушы отбасы», «Кәмелетке толғанға дейін ата-аналарынан айрылған жиырма тоғыз жасқа толмаған жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар» санаттарында кезекте тұрған азаматтарға арналған «Бақытты отбасы» бағдарламасы аясында 167 азамат, және мемлекеттік қордан пәтер алу кезек тізімінде тұрған азаматтар «Жаңа Концепция» бағдарламасы аясында 773 азамат пәтерге қол жеткізген.
Ал биылғы жыл басынан бері «Жаңа Концепция» бағдарламасы аясында 117 азамат үйлі болған.
- 2024 жылға «Жаңа Концепция» бағдарламасы аясында Жамбыл облысы мәслихаты шешімінің тізбесі негізінде белгіленген санаттарға бастапқы жарнасы 10% болатын, 1 500 000 (бір миллион бес жүз мың) теңгеге дейін тұрғын үй сертификатына 200 000 000 (екі жүз миллион теңге) жергілікті бюджет есебінен бөлінді, - дейді Бекнұр Қаленұлы атқарылған жұмыстарға кеңінен тоқталып.
Айта кетейік, қазіргі таңда 21 286 тараздық пәтер кезегінде тұр.
Ұқсас жаңалықтар
Мектеп аштырып, мешіт салдырған майдангер
- 20 ақпан, 2025
Руханиятқа еңбегі сіңген Рахымбай Құлбаев
- 20 ақпан, 2025
Ақпарат
Шоқан Уәлихановтың 190 жылдығына орай облыстық семинар өтті
- 13 ақпан, 2025
Ұстаздық деген ұлы жол
- 21 қаңтар, 2025
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді