«Газет – халықтың көзі, құлағы һәм тілі. Адамға көз, құлақ, тіл қандай керек болса, халыққа газет сондай керек»
Ахмет Байтұрсынов

Таразда су академиясы құрыла ма?

Таразда су академиясы құрыла ма?
Су мәселесі бүгінгі қоғамның ең өзекті мәселесі. Өйткені су барша тіршіліктің қайнар көзі. Бүгінде елімізде су саласын дамыту бойынша бірқатар жұмыстар жүзеге асуда. Соның бірі – өңірімізде су саласы бойынша жетекші оқу орны ретінде танылған Тараз университетінің Су шаруашылығы және табиғатты үйлестіру институты. Мемлекет басшысы да өз кезегінде аталмыш оқу орнының инфрақұрылымын жаңғырту қажеттілігін айтып өткен болатын. Аталмыш институттың мүмкіндіктері мен әлеуетін бағдарлау үшін оның өткеніне назар салғанымыз жөн.

1962 жылы Алматы қаласындағы Қазақ мемлекеттік ауыл шаруашылығы институтының гидромелиоративтік факультеті негізінде Жамбыл гидромелиоративтік-құрылыс институты ұйымдастырылды. Оқу ордасының бірінші ректоры болып профессор Рахмет Жулаев тағайындалған еді. Алғашқы жылы гидро факультетті гидромелиорация мамандығы бойынша 105 адам бітіріп, олардың оны әртүрлі кафедраларға ассистент лауазымдарына қабылданды.

1962 жылы институт құрамында «Гидромелиоративтік», «Сумен жабдықтау және кәріз», «Өнеркәсіптік-азаматтық құрылыс», «Гидромелиорациялық жұмыстарды ұйымдастыру және механикаландыру», «Су шаруашылығы экономикасы» және «Гидротехникалық құрылыс» факультеттері құрылды. Оқу ордасы 1998 жылға дейін институт атанып, мекемені әр жылдары Рахмет Жулаев, Марс Үркімбаев, Жүсіпбек Сүлейменов сынды басшылар басқарды. Осы кезеңде кандидаттар саны 6-дан 197-ге дейін өсті. 20 докторлық дисс ерт ация дайында лып қорғалды. Осылайша, оқу ордасы профессорлық құрамның ядросына айналды. Осы арқылы институт тек Қазақстанда ғана емес, сонымен қатар КСРО-да өзі жетекші техникалық университеттер қатарына көтерілді.

Іргелі институт 1998 жылы «Су шаруашылығы, экология және құрылыс» факультеті болды. Сол жылдан 2022 жылға дейін аралықта 24 жыл ішінде өңірдегі үш жоғары оқу орны М.Х. Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университетіне біріктірілгеннен кейін «Сумен жабдықтау және кәіз», «Гидротехникалық құрылыс» және «Су шаруашылығы экономикасы» факультеттері біртіндеп қысқартуға ұшырады. Осыдан кейін жетекші оқытушылар оқу жүктемесінің жетіспеуіне және кафедралар мен факультеттердің жабылуына байланысты Алматыға, Астанаға, Шымкентке және басқа қалаларға кетті. Сөйтіп, кризистік кезеңде су саласына өзге маман иелері басшылық ете бастады. Халқымыз суды қасиетті санап, тіршілік көзі ретінде таныса, бізде осы тіршілік көзін қысылтаяң шақта электриктер мен зоотехниктер басқарды.

Осылайша, гидротехника инженерлерінің саладағы рөлі әлсіреп, адам баласы тіршілік көзіне деген адамшылық құрметін төмендетіп алды. Тек ре спубликаның бүкіл су жүйесінің күйреуі ғана факультетті институт деңгейіне қайта көтеру керектігін көрсетіп берді.

2022 жылдан бастап факультеттің орнына «Су шаруашылығы және табиғатты үйлестіру» институты ашылды. Оған тіпті «Мұнай-газ және тау-кен ісі», «Механика және машина жасау» кафедралары қосылды. Тек осы орайда «Егер институт ашылса, оны неге бірден «Су академиясына» айналдырмасқа?» деген заңды сауал туындайтыны белгілі. Су академиясы бұл жоғары оқу орны ретінде бір салаға ғана бағытталған оқыту мамандарын даярлауды жүзеге асыратын жоғары оқу орны болар еді. Бұл бүгінде жаһандық маңызы бар су саласындағы қордаланған мәселелерді реттеуге атсалысып, сарқылуға таяу қазынамызды тиімді пайдалануға жо л ашатыны анық. Осы мақсатта 2022 жылы Президент атына су академиясын ашу туралы ұсыныс хатымды жолдаған болатынмын.

Өткен жылдың 5 қаңтарында Ғылым және білім министрлігінен хат келіп, Жамбыл гидромелиоративтік – құрылыс институтын су академиясы қайта жаңғырту туралы өтінішімді қарады. Министрліктің жауабында жаңа оқу орнын құру, сол бағыттағы мамандарды даярлау бойынша мемлекеттік бюджеттен қосымша қаржылық шығындарды талап ететіндігі туралы хабарланды. Сондай- ақ министрлік су академиясын құру туралы ұсыныстарымды назарға алынғанын жеткізді.

Дегенмен бұл бағыттағы жұмыст ар т абанды түрде жүзеге асты. Араға бірнеше ай салып, гидрофакультет түлектерінің ке зде суінде Мемлекет басшысының атына факультет түлегі, «Құрмет» орденінің иегері, құрылыс істері комитетінің бас сарапшысы Өмірбай Абайділдин арқылы өтініш жасалып, барлығы 21 адамның қолы қойылған хат жолданды. Ұжымдық ұсыныс аясында өткен жылы 25 қазанда Су ресурстары және ирригация министрлігінде кеңес өткізіліп, онда бірінші кезектегі шаралар шешілгеннен кейін су шаруашылығы саласында жеке жоғары оқу орнын құру туралы мәселе қаралатындығы айтылды.

Оқу орны құрылған жағдайда Су ресурстары және ирригация министрлігі су саласын кәсіби кадрлармен қамтамасыз ету шеңберінде проблемалық мәселелерді шешу үшін бірқатар мамандықтарды қарастырған. Олардың ішінде «Гидротехникалық құрылыс және құрылымдар», «Мелиорация және суармалы егіншілік», «Сумен жабдықтау және су бұрғұлау», «Су ресурстарын басқару», «Гидротехникалық мелиорация», «Су шаруашылығындағы технологиялық процестерді автоматтандыру және басқару», «Суару жүйелеріндегі гидроэнергетикалық нысандар», «Инновациялық технологиялар және оларды су шаруашылығында пайдалану», « Гидромелиоративтік жұмыстарды механикаландыру», «Су шаруашылығы экономикасы» сынды мамандық бағыттары бар. Сала маманы ретінде алдағы уақытта бұл тізімге «Метеорология және климатология», «Мелиоративті география», «Ауыл шаруашылығы құрылысы және материалдар өндірісі» және тағы басқа бағыттармен толығуы тиіс деп білемін.

Су саласындағы тағы бір өзекті мәселе – кадр тапшылығы. Мұнда әсіресе профессорлық- оқытушылық құрамның буын алмасу процесін жолға қою маңызды. Өз кезеңінде Жамбыл гидрофакультетіне жыл сайын 225 талапкер қабылданатын. Ал қазір еліміздің су саласында су шаруашылығы мамандары жоқтың қасы. Бұл мәселені шешу үшін суармалы жерлерде суа ру жүйелерін басқару технологиясын іске асыру қажет. Сол арқылы басқарма басшысы мен оның орынбасары, бас инженер мен суармалы жер телімінің бас агрономы тығыз байланыста жұмыс атқарады. Сондай-ақ орталық аппарат құру ісін оңтайландыру қажет. Бұл су пайдалану бөлімдері мен жөндеу–құрылыс, мелиоративтік және қосалқы қызметтерге жауапты құрылым ретінде жұмыс жасайды. Суды пайдалану бөлімінің негізгі міндеттеріне суды есепке алу, суару сапасын бақылау кірсе, жөндеу-құрылыс бөлімінің міндеттеріне құрылыс-жөндеу ісін ұйымдастыру, каналдарды шөгінділер мен өсімдіктерден тазарту жұмыстары жатады. Ал мелиорация бөлімі топырақтың құнарлылығын бақылауға, жерасты суларының деңгейі мен топырақтың тұздану дәрежесін анықтауға жауапты болмақ.

Сонымен қатар суару жүйелерін пайдаланудың сәттілігі негізінен құрылыс жол машиналарының паркімен, автокөлікпен анықталады. Бұл ретте Ғылым және білім министрлігі еліміздің жоғары оқу орындарына гидромелиорация мамандығы бойынша түсу үшін бірнеше грант бөліп, мемлекеттік бағдарламаға «Дипломмен ауылға» бағдарламасын енгізу қажет. Сонда ғана су саласының мамандары барлық түрдегі арнайы әлеуметтік қолдауға ие болып, дені сау ұлтты қалыптастыру жолында табысты еңбек етпек.

 

Ғаббас ЗАРУБАЕВ,

техника ғылымдарының кандидаты, инженер-гидротехник.

Ұқсас жаңалықтар